Табиғи ресурстар

Табиғи-климаттық жағдайы
Аудан климаты жылдам құбылмалы. Қыс айларындағы орташа температура – 16-19 градус, жаз айларында – плюс 21-22 градус. Көктем, күз айлары қысқа, қысы қарлы, жазы ыстық боп келеді. Батыстан, солтүстік батыстан және оңтүстік батыс бағытта болатын жел басымболып келеді. Жауын-шашынның орташа жылдық көлемі – 250-300мм.
Пайдалы қазбалар (оның ішінде игеру болашағы бар(
Ауданда жерасты пайдалы қазбаларының (қоңыр көмір, никелді-кобальт рудасы, әк тасы, саз балшық, диоксид, кремний, мәрмәр, темір, платина, магнитті титан рудасы, габбро-норит, охра-мумия) қоры мол.
Су қоры
Аудан орталығы Бадамша ауылының ауыз су және шаруашылық суару көздерінің жүйесі Қуағаш өзенінінің сол жақ жағалауының жерасты сулары болып табылады.
Аудан тұрғындарының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу деңгейі – 81,5 пайыз құрайды. Кәріз құбырларының ұзындығы – 19,2 км.
Аудан экономикасының специализациясы
Аудан аумағының орталығында астық қабылдау кәсіпорны, «Степной» ЖШС-нің диірмені, Қарғалы электр желілерінің учаскесі, Қарғалы аудандық телекоммуникация торабы, Қарғалы газ шаруашылығы учаскесі орналасқан.
Ауданның қазіргі қатынас жүйесі – теміржол, автомобиль жолдары және құбыр қатынасы болып табылады.
Құбыр қатынасы Каспий-орск мұнай құбыры болып аталады. Аудан аумағы арқылы «Орск-Қандағаш» және республикалық маңыздағы «Ақтөбе-Орск» автомобиль тасжолы кесіп өтеді.
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы