Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат

Туризм саласы туралы

Президенттің Жолдауында ішкі туризмді дамыту – экономикалық өсудің және мәдени өрлеудің маңызды факторы ретінде аталды. Осы бағытта Қарғалы ауданында нақты жұмыстар жүргізілуде. Қасқыр сарқырамасы мен Қарғалы су қоймасы экотуризм мен белсенді демалысқа арналған негізгі нысандардың бірі болып табылады.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында инвестициялар тартылып, глэмпингтер мен демалыс аймақтары салынып, туристік жабдықтар сатып алынды. Келушілер саны жыл сайын артып, бұл өз кезегінде шағын бизнестің дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде.

Ағымдағы жылы Ақтөбе–Орск автожолының бойында жеке кәсіпкер А.Исалиева «Рух» этно демалыс аймағын ашты. Қазіргі уақытта екі киіз үй мен көрініс алаңы орнатылып, атпен серуендеу қызметі көрсетілуде. 2026 жылы жобаны кеңейтіп, қосымша киіз үйлер мен этнобағыттағы лагерь салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, туристер үшін сарқырама мен су қоймасына кедергісіз жетуге мүмкіндік жасау мақсатында, облыс әкімінің қолдауымен жол меселесі оң шешімін тапты.

Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен 500 млн теңге қаржы бөлініп, «Қасқыр сарқырамасына» жол құрылысының жұмыстары басталып кетті.

Бүгінгі күні, ауданның көрікті жерлерінің бірі Қасқыр сарқырамасына жыл басынан бастап  15 000 турист келіп кетті.

Оған қоса, Қарғалы ауданының мәдени және табиғи мұрасын насихаттау мақсатында «Қарғалы ауданының 7 кереметі» атты жобасы іске асырылуда. Бұл жобаға тарихи-мәдени және табиғи маңызы бар нысандар енгізілген. Жоба аясында туристік маршруттар қалыптастырылып, жергілікті тарихты насихаттау және халықты туризм саласына тарту көзделген.

Спорт саласы бойынша:

Қарғалы ауданында 42 спорттық нысан бар. Оның ішінде:   16 спорт зал, 12 футбол алаңы, 7 хоккей корты, 2 ангар типті  спорт кешені, 1 фок, 1 бассейн, 1 стадион, 2 воркаут. Аталған спорт кешендерінде 60-ға жуық қызметкер жұмыспен қамтылған.

Аудан бойынша спортпен шұғылданатын тұрғындар саны – 6900 немесе 45%.

2025 -2026  оқу жылы бойынша Бадамша БЖСМ-де спорттың 10 түрі бойынша  жаттығулар өтеді. Спортшылар саны - 550 оның ішінде  жеңіл атлетика - 48,  бокс - 52, волейбол - 102, футбол - 74, еркін күресі - 34, дзюдо күресі - 76 және жүзү - 60 бала тәлім алуда. Топтар саны - 50.  Жаттықтырушы саны 34 оның ішінде штаттық жаттықтырушылар саңы - 16, қосымша сағаттық жаттықтырушылар саны - 18, жоғарғы білімді - 30, орта арнаулы - 4 жаттықтырушы.

Ұлттық спорт түрлері үшеу: Президенттік көпсайыс, тоғыз құмалақ, қазақ күресі, барлығы 550 оқушы айналысады.

Жетістіктер

18-20 сәуір күндері Ақтөбе қаласында өткен Президенттік көпсайыстан жүзу және жүгіру сайысы бойынша Бадамша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі орындармен қайтты. Олар: Шмальц Ксения 1- орын, Мороз Андрей 1- орын, Парсегова Микаэла 1- орын, Замирайло Елизавета  1- орын, Каиыржанова Лаура 1- орын, Синцов Леонид    1- орын, Целиков Егор 2- орын, Ботнарь Милла  2- орын, Томчук Илья 3- орын. БЖСМ командалық есепте жүгіру сайысы бойынша  2 – орын, жүзу сайысы бойынша 2 - орынды иеленді.

18 мамырда Атырау қаласында каратэден Республикалық турнирде Олейников Ярослав Артемович 3-ші орынды жеңіп алды.

2025 жылдын 22-29 маусым  аралығында 2013-2014 ж.т. жасөспірім қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының Чемпионатында Бадамша БЖСМ – нің тәрбиеленушілері Уразбаева Алина    2014 ж.т, Жуасова Зере 2013 ж.т, Лукпанова Полина               2013 ж.т. облыстық құрама командасының сапына қатысып күміс жулдегер атанды.

2025 жылдын 16-20  шілде аралығында Лисаковск қаласында өткен ҚР дене дайындығы тестілерінен Ержанбайұлы Абай – 1 орын, Томчук Анастасия - 1 орын, жаттықтырушысы Шибаев Айдын Сейткалиевич - 1 орын иеленіп Қазақстан Республикасының чемпиондары атанды.

Документы
Нұсқаулық
02 ноября 2020
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер
Новости
Полезные материалы
Дене шынықтыру және спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат
Медиагалерея
1
Қазақстан чемпионы Олейников Ярослав пен жүлдегер Тұрсынбаев Шыңғысқа құрмет көрсетілді
0
ШАҢҒЫ ЖОРЫҒЫ ӨТТІ
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Қосестек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
«Степной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы