
Денсаулық сақтау саласы бойынша
Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 55 керуеттік аурухана-емханасымен, 6 дәрігерлік амбулатория және 7 медициналық пункт қызмет көрсетеді.
Қазіргі таңда, ауданда 160 медициналық қызметкер жұмыс жасайды, оның - 44 дәрігері болса, 116 орта буын медицина қызметкерлері.
10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамту – 30,2%, орта буын мед.қызметкерлері 10 мың тұрғынға шаққанда қамтамасыз етілу - 79,7 % құрайды.
Жыл басынан аудандық аурухана 7 жас маманмен толықты: 2 жалпы тәжірибе дәрігерлері, офтальмолог, невропатолог, акушер-гинеколог, хирург және психиатр-нарколог.
1)Амбулаторлық-поликлиникалық көмек үшін 93894 қабылдау болған;
2) жедел жәрдем бөлімімен 1490 көмек көрсетілді;
3) туу көрсеткіші 104 бала (2023 ж – 180 бала, 2024 ж – 153 бала);
4) өлім саны 78 адам (2023 жылы –110 адам, 2024 ж – 121 адам);
5) табиғи өсім +2,6(2023 жылы +4,6, 2024 ж +2,1 адам);
6) 1 жасқа дейінгі балалар өлімі - тіркелген жоқ (2023 жылы – 2 жағдай, 2024 ж –1 жағдай);
7) туберкулезбен шалдығу 100,0 мың тұрғынға 20,5 адам (3 адам) (2023 жылы – 4 адам, 2024 ж – 5 адам);
8) аналар өлімі тіркелген жоқ.
Денсаулық сақтау саласын бұдан әрі дамытуға биыл 32,8 млн. теңге. қаражат бөлінді, оның ішінде:
- 11,8 млн.теңгеге 1 Хавал автокөлігі сатып алынды;
- 20,9 млн.теңгеге материалдық техникалық базаны нығайту (Автоклав, Дефибриллятор и Комплекс аппаратно-программный суточного мониторирования ЭКГ и АД" Холтеровский анализ"" и ЭКГ).