Ақтөбе - "Адалдық алаңы"
Ақтөбе - "Адалдық алаңы"
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Адалдық алаңы» республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның басты мақсаты - күнделікті сыбайлас жемқорлықты барынша азайту. Бұған қол жеткізу үшін ашықтықты, айқындылықты, мемлекеттік органдардың есептілігін арттыру және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жобаның айрықша ерекшелігі - оны жүзеге асыруға азаматтық қоғамның кең қатысуы. Салада тікелей жүзеге асыру «Адалдық алаңының» аймақтық жобалық кеңселеріне жүктелген.
«Адалдық алаңы» жобалық кеңселері Қазақстанның барлық аймақтарында, сондай-ақ көптеген министрліктерде енгізілуде.
облыс бойынша
2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру мақсатында «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылған болатын. Жобалық кеңсе, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қалыптастыру және мемлекеттік органдарға деген азаматтардың сенімін арттыру негізінде қызмет етеді. Қазіргі таңда адалдық алаңы қала, аудан деңгейінде денсаулық сақтау, білім беру саласында, жөндеуден өтіп жатқан жолдардың, жөндеуден өткен тұрғын үйлердің сапасын бақылау мақсатында және т.б. сыбайлас тәуекелдері бар бағыттар бойынша күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізеді. Бұл мониторинг жұмыстарын жобалық кеңсе құрамындағы қоғам белсенділерінен құралған сараптама тобы атқарады.
Адалдық алаңы жүргізетін қоғамдық бақылаудың бастысы «Сапалы жол» жобасы. Ағымдағы жылдың басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті, «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Ақтөбе облысы бойынша Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығымен бірлесіп «Сапалы жол» жобасы аясында 23 мониторинг жұмыстарын атқарды. Мониторинг жұмыстарының 6-уы қыс мезгіліндегі жолдарды қардан тазалаудың сапасын бақылауға бағытталса, 17-сі қала, облыс деңгейіндегі орташа және күрделі жөндеуден өтіп жатқан жолдардың сапасын бақылау мақсатында атқарылды. Нәтижесінде жолдарды тазалау бойынша 6 бұзушылық анықталса, жөндеу жұмыстары бойынша 16 бұзушылық анықталды. Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті органдарға хат жолданып жалпы есеппен алғанда 12 бұзушылық өз шешімін тапты.
Осындай бағытта жобалық кеңсе мүшелері күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктердің түзетілуін қамтамассыз етуде.
Байланысу үшін контактілер:
Егер сіз жоба жұмысына қатысқыңыз келсе немесе өз ұсыныстарыңызды aktobe_adal@mail.ru электрондық поштасына, сондай-ақ Whats'app + 7-701-617-44-88 нөміріне жіберіңіз.