Аудан әкімінің құттықтауы

Қымбатты ырғыздықтар, қадiрлi жерлестер, аудан қонақтары!
Сiздердi келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын!
Жаңа жыл өткендi қорытындылап, болашаққа жоспар құрып, мақсатыңды iске асыратын уақыт.
Өтiп бара жатқан ескi жылға ренішіміз жоқ, себебi ойлаған армандар iске асырылып, жоспарларымыз жүзеге асты. Осының барлығы бiздiң келешекте алға ұмтылуымызға жаңа серпiн бердi.
Ел Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын өмiрге бейiмдей отыра, бiз экономиканың көптеген салаларында батыл қадам басудамыз. Өткен жыл адамдардың әл-ауқатын арттырып, өмiр сапасын жақсартуға, ертеңгi күнге сенiммен қарауға септiгiн тигiзген белсендi, атап өтерліктей маңызды iстермен есiмiзде қалды.
Әлемді алаңдатқан пандемияға қарамай көптеген жұмыстардың жүзеге асырылуы жерлестерiмiздiң жауапкершiлiгi мен шынайы еңбексүйгiштiгiнiң арқасында тиянақты атқарылды.
Барлық жеткен жетiстiктерiмiз — бiздiң ынта-жiгер мен iзеттiлiк, бiрлесе атқарған еңбектерiмiздiң мәуелi жемiсi деп бағалаймыз.
Туған жерге шынайы еңбек етiп, оның гүлдену жолында бар күш-жiгерiмiздi жұмсап, нәтижесiн бiрге сезiну шексiз бақыт.
Қадiрлi жерлестер!
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жаңа 2021 жыл жарқын белестер мен оң өзгерiстерге толы болсын. Әрбiр шаңыраққа шексiз қуаныш, таусылмас бақыт, ырыс пен бақ дәулетiн ала келсiн. Жолымыз әрқашан ашық, келешегіміз жарқын, болашағымыз нұрлы болсын!
Жаңа жылдарыңызбен!