Азаматтық қорғау органдарына 25 жыл

Азаматтық қорғау органдарына 25 жыл

Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ағымдағы жылдың 19 қазан күні Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №12 Өрт сөндіру бекеті ғимаратының ашық алаңында құтқарушыларды құттықтау және марапаттау шарасы өтті.
Аталған іс-шараға аудан әкімі Аққанат Шахин, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, жергілікті атқарушы органдар арқылы құрылған өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері қатысты.
Ардагерлерге Гарнизон атынан сый-құрмет көрсетіліп, жергілікті атқарушы органдар арқылы құрылған өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері аудан әкімі атынан марапатталды.

https://www.instagram.com/p/CGiMkt4AcQ9/

Оқиға күні

20 қазан 2020

Өткізу орны

Ырғыз ауылы

Оқиға түрі

Құттықтау