Ырғыз ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына, 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы№ 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15630 тіркелген) сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Ырғыз ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламенті бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жарияланған күні

25 қараша 2026 12:19

Жаңарту күні

25 қараша 2026

Бағыттар