|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 7 қосымшасы 1 бөлімінің 8 бөлімшесіне қайшы, «Арай» мәдениет үйінің бас есепшісіне лауазымдық міндетіне кірмейтін мәдени жұмыстар үшін лауазымдық айлығына 35% үстемеақы есептеп, үстемеақының негізсіз төленгендігі анықталды.
|
Өндіру немесе қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдау |
Жиналыс хаттамасы |
|
Жыл ішінде |
|
2 |
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 7 қосымшасы 1 бөлімінің 8 бөлімшесіне қайшы, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бас есепшісіне 35% қосымша ақысы негізсіз төленгендігі анықталды.
|
Өндіру немесе қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдау |
Жиналыс хаттамасы |
|
Жыл ішінде |
|
3 |
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 1 қосымшасына қайшы, кітапханашының аудитпен қамтылған кезеңдерде біліктілігі орташа деңгей В3-4 санатымен бекітіліп, еңбекақысы кем төленгендігі анықталды.
|
Кем төленген еңбекақыны қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар қабылдау |
Жиналыс хаттамасы |
|
Жыл ішінде |
|
4 |
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағы 2-1 тармақшасына сәйкес Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №50 «Іссапар шығындарын төлеу туралы» қаулысы шығарылған. Алайда Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №50 «Іссапар шығындарын төлеу туралы» қаулысымен іссапар шығыстарын өтеу кезінде тұрғын үй-жайды жалдау мөлшері нормаға сәйкес бекітілмей негізсіз азайтылып бекітілгендігі анықталды.
|
Іссапар шығыстарын өтеу кезінде тұрғын үй-жайды жалдау мөлшері нормаға сәйкес бекітілмей негізсіз азайтылып бекітілгендігі бойынша тиісті аудан әкімдігіне ұсыныс айту |
Жиналыс хаттамасы |
|
Жыл ішінде |