|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы |
Орындау мерзімі |
|
1. |
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 3-тармағында, төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің әрқайсысы жоғары тұрған деңгейлердегі нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмеуге тиіс. Егер нормативтік-құқықтық актілер немесе олардың құрылымдық элементтері жаңа нормативтік құқықтық актіге енгізілген құқық нормаларына қайшы келсе немесе солармен қамтылса, күші жойылды деп тануға жатады. Норматиктік-құқықтық актіні сәйкестендіру. |
Ішкі талдау нәтижесінде орын алған кемшіліктерді жою жөнінде ұйымдастырушылық шаралар қабылдау қажет Мемлекеттік орган қызметшілерінің қатысуымен осы мәселені қарау туралы аппараттық (жұмыс) кеңестің хаттамасы |
Аппараттық (жұмыс) кеңестің хаттамасы |
Бектұрғанова Г.Қ. Кенжебаев Н.Қ. |
01.12.2025 жылға дейін |
|
2. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағы 2-1 тармақшасына сәйкес Ырғыз ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №50 «Іссапар шығыстарын төлеу туралы» қаулысы шығарылған. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №50 «Іссапар шығыстарын төлеу туралы» қаулысымен іссапар шығыстарын өтеу кезінде тұрғын үй-жайды жалдау мөлшері нормаға сәйкес бекітілмей негізсіз азайтылып бекітілген. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 наурыздағы №50 қаулысына түзетулер енгізу. |
Осы қауіпті жою жөнінде ұйымдастырушылық шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттік орган қызметшілерінің қатысуымен осы мәселені қарау туралы аппараттық (жұмыс) кеңестің хаттамасы |
Аппараттық (жұмыс) кеңестің хаттамасы |
Бектұрғанова Г.Қ. Кенжебаев Н.Қ. |
01.12.2025 жылға дейін |