Меню

Страницы

Статья

Үш буынды модель

Үш буынды модель

Мемлекет Басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» - атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін жəне жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керектігі, Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керектігі айтылып, тапсырмалар берілді.
Осы тапсырманың аясында, еуропалық мемлекеттердің үлгісі бойынша қылмыстық процесте үш буынды жүйені енгізуге көшуді бастауды тапсырды.
Үш буынды модельде полиция, прокурор және сот өкілеттіктері нақты бөлінген. Біріншісі – қылмыстарды анықтаумен, ашумен және дәлелдер жинаумен айналысады. Қудалау органдары қылмыс пен кінәні дәлелдегеннен кейін істі прокурорға жібереді. Ол өз кезегінде, объективті түрде қарайды, дәлелдемелер базасын, баптың дұрыс қолданылғанын тексереді. Түпкілікті үкімді сот шығарады.
Бұл азаматтардың құқықтарын сақтаудың өзіндік фильтрі және кепілдіктері.
Үш буынды модель бойынша аудан прокуратурасымен жалпы жаңа форматта, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 87 өндірісімен тоқтатылған қылмыстық істің қаулылары бекітіліп, күдікті ретінде тану туралы 40 шешімге және күдіктінің іс әрекетін саралау бойынша 26 шешімге келісім берілген.
Өз кезегінде құқық бұзушылықтардың дереу жолын кесуді қамтамасыз етіп, жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді.


Хромтау
ауданының прокуратурасы

Дата публикации
02 июля 2021
Дата обновления
02 июля 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

16 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы