Артқа

Шуиншалин Нұрлан Керейұлы

Хромтау ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Жалпы ақпарат, білімі

Шуиншалин Нурлан Кереевич - 1990 жылғы 6 сәуірде Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Бөгетсай ауылында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. 2011 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мансап

Еңбек жолын 2011 жылы Қарғалы ауданы әкімінің аппаратында жастар практикасы аясында маман болып бастаған.

2012 жыл - Қарғалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде инспектор.

2012 жыл - Алға ауданы әкімінің көмекшісі.

2012 - 2017 жылдары - Алға аудандық білім бөлімінде бас маман.

2017 - 2019 жылдары - Алға ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы.

2019 - 2020 жылдары - Хромтау қаласы әкімінің аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы.

2020 - 2021 жылдары - Хромтау ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы.

2021 - 2022 жылдары - Хромтау ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін -Хромтау ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру құрылымдық бөлімшесінің басшысы.