Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу

Жоба туралы

Жыл сайын облыс халқы, оның ішінде Ақтөбе қаласының халқы өсіп келе жатқандықтан, жер асты суларының қоры жете барлауды талап етеді. Осы мақсатта Ақтөбе қаласының 14 тұрғын алабына (Ясный-2, Энергетик, Ақжар-1,2, Ақжар плюс, К.Нокин, Белогор карьері, Рауан-2, Шығыс-1, Жаңаауыл-1,2, Ақшат-1,2,3), аудандардағы 8 елдімекенге жер асты су қорларын барлау жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, ағымдағы жылы барлау жұмыстары басталады.

2021 жылы Сарыбұлақ және Моисеев жер асты су кенорындарын іздестіру-барлау жұмыстары аяқталып, өткен жылдың желтоқсан айында аталмыш кенорындарының су қорлары (Сарыбұлақ – 25,0 мың м3/тәул, Моисеев – 45,0 мың м3/тәул) бекітілді. Ағымдағы жылы аталмыш кенорындарын игеру бойынша жобаларды жасақтау басталатын болады.

Бұдан бөлек, 7 ауылға және Көкжиде (173,4 мың м3/тәул) кенорнына жер асты су қорларын іздестіру-барлау жұмыстары аяқталып, су қорлары бекітілді.

Мақсаты

Ақтөбе облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру.

Міндеті

Ақтөбе облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру.

Орындалу мәртебесі

Жұмыстар 2022 және 2023 жылдары орындалатын болады.