



Темір ауданына іссапар барысында басқарма басшысы Кеңқияқ ауылының сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің жұмысымен танысты.
Коммуналдық кәсіпорын басшылығына ауыл тұрғындарын үздіксіз сумен жабдықталуын басты назарда ұстау қажеттігі тапсырылды.
Бұл ретте, аудан әкімдігімен Кеңқияқ ауылының кәріз жүйесін реконструкциялау бойынша жоба жасақталып жатқанын да атап өткен жөн.