Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Сұрақ-жауап

Өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз. Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады. Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы. Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

2009 жылдан бері «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендердің ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс істеуге және тұруға міндеттеме қабылдаған денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласының және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне:
1) көтерме жәрдемақы 100 АЕК еселенген сомада;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит:
ауданның әкімшілік орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 500 АЕК еселенген мөлшерінен аспайтын сомада;
ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 000 АЕК еселенген мөлшерінен аспайтын сомада әлеуметтiк қолдау шаралары ұсынылады.
Бағдарламаға қатысу үшін өтініш, жеке куәлік, білімі туралы диплом, еңбек кітапшасы, неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік, кредиттік бюродан есеп құжаттарды аудандық экономика және қаржы бөлімдеріне тапсыру қажет.