Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Мәртөк ауданына арнайы барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Мәртөк ауданына арнайы барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді

📌А.ж. 9 наурыз күні ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Мәртөк ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

👥Іссапар барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теологы және дінтанушы мамандары түрлі сала мамандары мен ауыл тұрғындарына, №1, №2, №3, №4 ЖББОМ ұстаздары мен оқушыларына "Әлеуметтік желілердің жастарға әсері", "Дін мен дәстүр сабақтастығы", "Духовно ноавственные ценности и государственные приоритеты в сфере религии в современных реалиях среди молодёжи" тақырыптарында екі тілде дәріс өткізді.

📝Насихаттық жұмыстар барысында мамандар жат ағымдардың зияны, сол жолды ұстанушылардың белгілері және одан сақтану жолдары, діни сауаттылық т.б. өзекті мәселелерді сөз етті.

💠Тыңдаушылар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, дәйекті жауаптар берілді. Сонымен қатар, шаралар соңында қатысушыларға ақпараттық бүктемелер таратылды.