Облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Қобда ауданына арнайы барды

📌А.ж. 3 наурыз күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог мамандары және де «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Қобда ауданында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
✅Іссапар барысында орталықтың теолог мамандары Талдысай ауылдық және Әлия ауылдық округі әкімдіктерінде өзін – өзі қамтушы жастар және де жұмыссыздармен, орман шаруашылығының еңбек ұжымымен, өрт сөндіру бөлімінің еңбек ұжымымен, аудандық кітапханада мемлекеттік қызметшілер және жас оқырмандармен, И. Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімдігінде жастармен, жұмыссыздармен және де мемлекеттік қызметшілермен кездесіп бір қатар тақырыптар төңірегеніде дәрістер оқыды.
👥«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Талдысай ауылдық мешітінде жұма намазын өткізді.
💠 Мамандар экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттері, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупі, олардан сақтану жолдары т. с. с. толыққанды ақпараттармен бөлісті.
🔶Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері аудиоториялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере отырып, қарсынасихаттық бүктемелер үлестірді.