
📌А. ж. 1 наурыз күні "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының теолог маманы «ҚР қорғаныс министрлігінің әскери техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақтөбе бойынша филиалының әскери студенттерімен кездесті.
✅Діни экстремизмнің алдын алу және әскердегі жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері» тақырыбында дәріс оқып, сарбаздардың сауалына жауап берді.
📣Сондай-ақ, теолог маман әскери қызметшілерді өз елінің патриоты болуға, жүктелген міндеттерін адал орындауға және әскери ортаға діни экстремизм идеяларының енуін болдырмауда қырағылық танытуға шақырды.