Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Қарғалы ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізді

Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Қарғалы ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізді

📌А.ж. 17 ақпан күні Ақтөбе облыстық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы Қарғалы ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізді.

📣Бадамша ауылында келесідей топтық жұмыстар атқарылды:

🔶«Коворкинг» орталығында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кездесу;
🔷«Агротехникалық колледжі» студенттерімен «Жастар арасындағы діни түсінікті дұрыс қалыптастыру» тақырыбындағы кездесу;
💠Аудандық орталық мешітінде жергілікті жамағатпен жұма намазы барысындағы уағыз-насихат жұмыстары;
🔶Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлерімен «Жастарды жат көзқарастығы түрлі діни ағымдардың идеологиясы мен пікірінен сақтандыру» тақырыбындағы кездесу;
🔷Аудандық аурухана қызметкерлерімен «Дін және дәстүр» тақырыбындағы кездесу.

👥Жұмыстар барысында мамандар діни радикалды экстремизм және терроризм идеяларының шынайы ниеттері, тыйым салынған діндердің мәні мен қоғамға төндіретін әлеуметтік қаупі, олардан сақтану жолдары т. с. с. мәліметтермен бөлісті.

📝Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері аудиоториялар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Шаралар соңында қарсы насихаттық бейнеролик көрсетіліп 🎥, бүктемелер таратылды.