Ақтөбе облысының жергілікті діни бірлестіктері басшыларының қатысуымен кездесу өтті

Ақтөбе облысының жергілікті діни бірлестіктері басшыларының қатысуымен кездесу өтті

Бүгін, 2020 жылғы 24 қыркүйекте Ақтөбе облысының жергілікті діни бірлестіктері басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерге, оларды "электрондық үкімет" веб-порталы және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге қатысты проблемалық мәселелер талқыланды. Қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құжаттардың толық емес топтамасын жіберудің алдын алу жүргізілді. Сондай-ақ, жадынамалар таратылып, Мемлекеттік қызмет көрсету және дін саласындағы заңнамаларға қатысты сұрақтарға толық жауаптар берілді.