ОЛАР ӘРТҮРЛІ, БІРАҚ АҚИДАСЫ БІР!

ОЛАР ӘРТҮРЛІ, БІРАҚ АҚИДАСЫ БІР!

Сәләфизмді байсалды (умеренный) және радикалды деп бөліп қарау қажет дейтін пікір иелері бар. Олар өздерінің бұл пікірін сәләфизмнің зайырлы мемлекеттің принциптерін мойындап, қарулы әрекеттерге баруды шариғатқа қарсы іс деп санайтын, сонымен қатар мемлекет тек шариғат заңдарымен ғана өмір сүруі қажет, олай болмаса қаруға жүгіну қажет деп қарайтын екі тобы бар деп негіздейді.
⠀
Сондықтан бірінші топты біздің мемлекеттік құрылымға қарсы келмейтін болғандықтан байсалды деп есептеп, күресіміз екінші сәләфизмнің радикалды тобына қарсы бағытталуы керек дейді.
⠀
Сәләфилерді мұндай санаттарға бөлуде өте сақ болу қажет деп ойлаймын. Себебі, жоғарыда аталған екі топтың да оқитын әдебиеттері мен ақидасы бір. Бұлардың арасында кейбір саяси ұстанымдарда ғана айырмашылық бар.
⠀
Діни негіздегі ұстанымдар мен сенімдердің өзгеріске ұшырауы әдетте мүмкін емес. Бірақ, саяси көзқарастар мен ұстанымдардың мүдде мен ахуал талабына сәйкес құбылып тұратыны белгілі.
⠀
Сондықтан сәләфизмді қарулы іс-әрекетке бару немесе бармау тұрғысынан байсалды және радикалды деп бөлуге шартты түрде келіссек те, идея тұрғысынан мұндай екі топқа бөлу мүлде қателік. Тек қателік қана емес, бұлай ету мемлекет пен қоғамды сәләфизмге қатысты шешімдер мен шараларды қабылдау мәселесінде есептен жаңылдырады.
⠀
Себебі, сәләфизмнің байсалдысы да, радикалдысы да ислам дініндегі ақида және құқықтық мектептердің ешбірін дұрыс деп қабылдамайды. Сонымен қатар оларды адасқандар, бидғатшылар және тозақылар деп санайды.
⠀
Келесі кезекте мұндай адасушылықтан ислам әлемін тазарту үшін күресуге шақырады.
⠀
Еркінбек ШОҚАЙ