Жаңа оқу жылында 70 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі

Жаңа оқу жылында 70 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Лаура Ршауова мектеп асханаларының жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде баяндады.
 
«Облыстық білім беру басқармасымен бірлескен бұйрыққа сәйкес білім беру ұйымдарының 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындығын қарау және бағалау мақсатында мониторинг ұйымдастырылды. Бүгінгі күні аталған мониторингпен облыс бойынша 358 мектеп қамтылды. Мониторинг жүргізу барысында бірінші кезекте мектеп асблоктарының санитарлық жағдайына көңіл бөлінді. Өткен жылы бастауыш сыныпта білім алған 70 мың 310 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Биыл жаңа оқу жылында да 70 мыңнан астам бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту жоспарлануда» - деді департамент өкілі.
 
 Аталған мәліметтерге сәйкес мектеп асханаларында санитариялық талаптар бойынша қандайда бір кемшіліктер немесе бұзушылықтар анықталған жоқ.
 
 Айта кетейік облыс аумағындағы 420 мектептің 390-ында ас блоктары қарастырылған, 25 мектепте буфеттер ұйымдастырылған. 4 мектепте үй-жайлардың жиынтығы жеткіліксіз болуына байланысты кейтеринг қызметі арқылы тамақтану ұйымдастырылды. Аталған білім беру мекемелерінің барлығында санитарлық эпидемиологиялық қорытындылары бар.