ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ саласын дамыту
Статистика
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2020 жылдан бастап 2023 жылға қарай 27% - ға, 77,4-тен 105,9 млрд. теңгеге дейін өсті.
2023 жылға Ақтөбе облысының денсаулық сақтау бюджеті 105,9 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде: ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) – 54,9 млрд.теңге, МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) – 46,3 млрд. теңге, ДСБ (денсаулық сақтау басқармасы) - 9,3 млрд. теңге, құрылыс - 0,4 млрд. теңге.
2023 жылға "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында 1,1 млрд. теңге сомасына 5 нысанды күрделі жөндеу жоспарланған. 1 188,6 млн. тг сомасына ТОХ шеңберіндегі 9 объект (жалпы сипаттағы трансферттер), оның ішінде 294,6 млн.тг сомасына 4 объект. - конкурстық рәсімдерді аяқтау сатысында, 5 объект – жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу сатысында.
2023 жылы материалдық-техникалық жарақтандыруға 171 бірлік жабдық сатып алуға 3,3 млрд. теңге бөлінді. 2023 жылы медициналық ұйымдарды жарақтандыру деңгейін жеткізу 95,8%-ға жоспарланған. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдар дәрілік заттар мен медициналық техниканы сараптаудың Ұлттық орталығынан жабдықтар сатып алуға сараптамалық қорытынды алу сатысында.
"Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы бойынша 3 нысанның құрылысы аяқталу сатысында (ауыспалы нысандар 2022 жылдан бастап): Ойыл ауданының Қоптоғай ауылында дәрігерлік амбулатория; Алға ауданының Самбай ауылында дәрігерлік амбулатория салу; Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылында дәрігерлік амбулатория салу және Қобда ауданының Әлия ауылында дәрігерлік амбулаторияға қосымша құрылыс салу жоспарланған (жаңа жоба).
Облыстық бюджет есебінен Заречный-1 кентіндегі Ақтөбе қаласында "Амбулатория ғимаратын қайта жаңарту" жоспарлануда.
Ақтөбе облысы бойынша "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2024 жылдары 29 денсаулық сақтау объектісін, оның ішінде 18 медициналық пункт, 5 дәрігерлік амбулатория және 6 фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда. 2023 жылға 15 нысанның құрылысы жоспарланған.
Жобаның бірыңғай операторы типтік жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін "Turar HealthCare" КЕАҚ болып табылады.
2025 жылға қарай Мұғалжар, Шалқар және Хромтау аудандарында 3 көпсалалы ауданаралық аурухана ашу жоспарлануда.
Ауыл тұрғындарына шұғыл көмек көрсетудің уақтылығын арттыру 3 жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханалар көпсалалы ауданаралық ауруханаға ауыстырылады және қосымша бөлімшелер (инсульт, хирургиялық, кардиологиялық, травматологиялық және т.б.) ашу үшін қосымша құрылыс салу жолымен жаңғыртылады. Медициналық жабдықтармен (ангиограф, сараптамалық класс УДЗ, реанимация бөлімшелеріне арналған жабдық, жедел және т.б.) жарақтандырылады. Ауданаралық аурухана бірнеше елді мекендердің, соның ішінде көршілес аудандардың аумағында орналасқан халыққа қызмет көрсетеді.
* Мұғалжар ауданының ауданаралық ауруханасы Мұғалжар, Ембі, Темір, Байғанин аудандық ауруханаларының тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.
* Шалқар ауданының ауданаралық ауруханасы Шалқар және Ырғыз аудандық ауруханаларының тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.
* Хромтау ауданының ауданаралық ауруханасы Хромтау, Қарғалы және Әйтеке би аудандық ауруханаларының тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін болады.
2023 жылға жоғарыда аталған аудандық ауруханаларға 3 қосымша құрылыс салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарланған, бұл ретте 2024 жылы ангиограф аппаратын орнатумен құрылыс жүргізілетін болады.
Бағдарлама жөнінде
Ақтөбе облысының емдеу мекемелерінде барлығы 16 746 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 3235 дәрігер, 7432 орта медицина қызметкері, 2542 кіші медицина қызметкері, 3537 басқа қызметкерлер. Дегенмен, дәрігерлердің тапшылығы бар. Бүгінгі күні мамандардың жетіспеушілігін жою мақсатында "М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КЕАҚ ауылдық округтеріне дәрігер мамандарды тартуға өтінім берілді, аудан әкімімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. 2020 жылы медицина университетін бітірген түлектер шалғай аудандарға, ауылдарға жұмысқа орналастырылды, ауылдық елді мекендерге жіберілген мамандар, арнайы әлеуметтік көмек пен көтермелеулер төленеді. 2022 жылдары аудандық елді мекенге барған 50 жас маманға 1 500 000 тенгеден берілді.
2023 жылы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетін (БҚМУ) барлығы 2023 жылы жалпы тәжірибелік дәрігер -361 (соның ішінде 276-грант (148-і Ақтөбе облысынан), 85-ақылы), педиатрия 21 грант (15 грант- (11 Ақтөбе облысынан), 6 ақылы), барлығы 24 мамандық бойынша 234 резидентура аяқтайды (соның ішінде 133 грант, 101-ақылы, 171- Ақтөбе облысына алдын ала болжаммен бөлінді.