«Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы

Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысы әкімдігінің бірлескен қаулы, бұйрығына сәйкес (министр бұйрығы 14.07.2023 ж. №211, әкімдік қаулысы 24.07.2023 жылғы №188) «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту» пилоттық жобасы жаңа 2023/2024 оқу жылында бастау алды.  Жобаға зерделеу жұмысын жасап қолдау білдіріп жетекшілік жасап жүрген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, қоғам қайраткері Шамшадинова Күләш Ноғатайқызы Республика бойынша шағын жинақты мектептерінде оқу процессін цифрландыру Жол картасы әзірленген, жаңа жобаға 6 өңір енгізілген Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Соның ішінде 146 мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту тек біздің облыста ғана жүзеге асырылады. Ол үшін «Қазақстан халқына қоры» ҚҚ, «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» тарапынан 5 млрд. теңге қаражат бөлінді. 12 ауданда 12 тірек мектебі барлық пәндер бойынша оқу жабдықтарымен, қосымша білім беру, шығармашылықты дамыту мақсатындағы студиялар толық жабдықталды. Онлайн сабақтар, робототехника, физика, химия, биология, математика сабақтары үшін 134 шағын жинақты мектеп цифрлық кабинеттермен жабдықталуда (80 оқушыға дейін 113 мектеп - 1 кабинет, 80 оқушыдан жоғары 21 мектепте - 2 кабинет жабдықталады). Осы жоба аясында 1 қыркүйектен бастап 12 тірек мектебі 134 шағын жинақты мектеп және тағы қосымша интернеті жақсарған 21 мектеп оқушыларына онлайн сабақтар оқытыла бастады. Нәтижесінде сабақ беретін ұстаздар қатары 35-тен 168-ге дейін, оқушы саны 4510-нан 5406-ға артты. Әрі сабақ беруге тек қала мектептері ғана емес, ауыл және шағын жинақты мектеп мұғалімдері де тартылды. 12 тірек мектебінде 8304 оқушыға уақыт талабына сай жабдықталған оқу кабинеттерінде білім алуға жағдай жасалды. ҚР Оқу ағарту министрлігімен, «Білім саласын тұрақты дамыту»  қорының  наурыз айынан бастап алдын ала жарты жылға жуық жасаған дайындық жұмыстарының нәтижесінде жоба аясында  ауыл мектебі мұғалімдері де алғашқы сабақтарды өткізе бастады.  281 ауыл мектебінде интернет жылдамдығын жақсарту үшін 448 млн. теңге бөлінді.  Жобаға қатысатын педагогтерді ынталандыру мақсатында лауазымдық айлықақыларына 15% ынталандыру үстемеақы белгіленді. Білім сапасын арттыру үшін цифрлық технологияларды білім беру процесінде пайдалану бұл оқушының өз бетімен білім алуына мол мүмкіндік береді. Жобаға қатысатын мектептерге «BilimLand», «Daryn Online», «Күнделік»,  «Roqed Science» секілді цифрлық білім беру платформалары қолдау көрсетеді. Тағы бір маңызды ерекшелік Қор тарапынан тек мектептер жабдықталып қоймай, мұғалімдер жаңа технологиямен сапалы білім беруге жүйелі даярлықтан өтеді. Әрі оларға үнемі әдістемелік көмек, курсаралық қолдау жасалады. «Қазақстан халқына», «Білім саласын тұрақты дамыту»  қорларымен жауапты мемлекеттік орган, аудан, қала әкімдерімен, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер үшін наурыз-желтоқсан айлары аралығында бірнеше рет семинар, жиналыс, кеңестер өткізілді.