Ақтөбе облысы білім басқармасының 28.02.2025 жылғы №33 бұйрығына сәйкес Оразханов Жасұлан Оразханұлы 2025 жылдың 3 наурыз күнінен бастап «Қандыағаш өнеркәсіптік- экономикалық колледжі» директоры қызметіне тағайындалды.
Оразханов Жасұлан 1976 жылы Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында дүниеге келген. Алғашқы жұмысын 2001-2002 жылдары Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы қызметінен бастаған. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ембі қызмет көсету саласы колледжінің директоры болды.