Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Дата публикации: 20 марта 2025

Олардың қатарында «Құрмет» орденімен:

* Егізбаева Сәуле Әбутәліпқызы – «М. Шоқай атындағы № 187 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейі (IT мектеп- лицейі)» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы;

* Қараева Бибігүл Атшыбайқызы – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 жалпы білім беретін мектеп» КММ мұғалімі;

* Молдашева Бағдашжан Қадыржанқызы – «Хромтау тау- кен техникалық жоғары колледжі» МКҚК директоры, Ақтөбе облысы.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен :

* Аханова Бақытжан Омарғалиқызы – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының білім басқармасы «Балалар музыка мектебі» КМҚК директоры.