Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылардың үлесі 57%-дан асады

Дата публикации: 20 марта 2025

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында жалпы мемлекеттік қызметшілердің саны 3915 адам, Оның 2 мыңнан астамы әйел, яғни 57,5 пайызын нәзік жандар құрап отыр.

Әртүрлі деңгейдегі басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі 25 пайыздан астам. Оның ішінде 3 аумақтық департамент басшылары, 3 басқарма басшысы, 9 басқарма басшысының орынбасарлары, 12 ауылдық округтерінің әкімдері, 38 қалалық, аудандық бөлім басшылары, 84 облыстық, аудандық құрылымдық бөлімдерінің басшылары.

1. Мемлекеттік қызметтегі жалпы әйелдер саны 2249 адам (оның ішінде 32,5% 35 жасқа дейін);

2. Басшылық лауазымдардағы әйелдер саны 157 адам (оның ішінде 14,3% 35 жасқа дейін);

3. Ең көп әйелдер қаумы қызмет ететін сала: білім, әлеуметтік және мәдениет салалары.