Облыстың үздік педагогтері Халықаралық әйелдер күнін ерекше құрметпен атап өтті.
Ақтөбе өңірінің білім саласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосқан педагог әйелдер 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін ерекше мерекелік атмосферада қарсы алды.
Мереке қарсаңында облыстың білім саласының дамуына айрықша үлес қосқан ұстаздар қауымы құрметке бөленді. Салтанатты шараға облыстың әр ауданынан және қала мектептерінен келген 100 педагог қатысты.
Облыстық білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева жиынға қатысушыларға жүрекжарды құттықтауын арнап, ұстаздық еңбектің маңыздылығын атап өтті. Ол өз сөзінде педагог әйелдердің қоғамдағы рөлі мен білім саласындағы еңбегін ерекше атап, алғыс білдірді.
Мерекелік кеш әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасып, ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.