Табиғи газды қауіпсіз пайдалану: ескерту шаралары мен сақтық талаптары

Дата публикации: 19 марта 2025

Жылыту маусымы басталғаннан бері Қазақстанда газды пайдаланумен байланысты қайғылы оқиғалардың саны артты. Газ жұмысшылары жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ төтенше жағдайлар санының өсуі туралы ескертеді. Мәселен, жылыту маусымы басталғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрмыстық газды пайдалану кезінде 76 жазатайым оқиға тіркелді. Нәтижесінде 182 адам зардап шекті, оның 72 – сі өліммен аяқталды.

Газ қызметкерлері үшін анықталған нәрсе – орын алған қайғылы жағдайлар, негізінен, газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болады. Оған себеп - зардап шеккендердің жылыту құралдарын пайдалануға немқұрайлы қарауы, оларды өз бетінше қосуы, құрастыруы немесе орнын ауыстыруы, қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы, тамақ дайындауға арналған газ жабдығымен үй-жайларды жылытуы, техникалық қызмет көрсетуді орындамауы, мұржаның түтін тартуын тексермеуі.

Ауа желдетілуі жеткілікті қамтамасыз етілмеген үй-жайда, терезелер, желдету арналары жабық кезде, кірпіш, сылақ тығыздығы бұзылған кезде газ аспаптарын пайдалану нәтижесінде газ түтіні сыртқа шықпай, үй-жайда улы газ жиналады!

Сондықтан мұржа мен желдету арналарының дұрыс жұмыс істеуі – сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыздың кепілі, өйткені улы газбен уланудың ең көп оқиғасы мұржаның тұтастығы бұзылғандықтан немесе түтіннің тартпауынан туындайды