Өндірістегі кәсіби мамандар Ақтөбе колледждерінде сабақ беред

Дата публикации: 19 марта 2025

[12:41, 19.03.2025] +7 776 064 5295: Өндірісте еңбек ететін кәсіби мамандар Ақтөбедегі колледждерде сабақ беріп жүр. Білікті жұмысшылар жастарға жиған-терген тәжірибесін үйретеді. Оқу бағдарламасына металлургтаер мен шахтерлер, құрылыс саласы мамандары мен дәнекерлеушілер тартылған.
Ғалымжан Ізімов энергетика саласында 14 жыл еңбек еткен. Кәсіби электромонтер - қазір жергілікті колледждің өндірістік оқыту шебері. Сонымен қатар жеке кәсіпкер ретінде де негізгі мамандығынан қол үзбеді.
Колледжде түрлі өнеркәсіпте жұмыс істейтін 8 маман сабақ береді. Электромонтермен қатар дәнекерлеуші, автомеханик және мұнайшылар да бар. Студенттер: «Теория мен тәжірибені ұштастыра оқытатын ұстаздардан үйренеріміз көп», - дейді. Тіпті шеберлермен бірге өндіріс
Колледжде түрлі өнеркәсіпте жұмыс істейтін 8 маман сабақ береді. Электромонтермен қатар дәнекерлеуші, автомеханик және мұнайшылар да бар. Студенттер: «Теория мен тәжірибені ұштастыра оқытатын ұстаздардан үйренеріміз көп», - дейді. Тіпті шеберлермен бірге өндіріс орындарында еңбек жолын бастауға да мүмкіндік мол.
Өз саласының үздік мамандарын оқыту шебері ретінде педагогикаға тарту білім беру үрдісін оңтайландырып, аз уақыт ішінде білікті кәсіп иесін тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік береді. Бұл заман талабы. Сондықтан өңірдегі 40-тан астам колледжде қазір 65 практик маман дәріс беріп жүр. Олардың саны биыл тағы да арттыру көзделген.
Бұдан бөлек, биыл өңірдегі екі бірдей колледж жанынан шағын кәсіпорын ашылады. Бұл студенттердің дәріс сағаттарында алған білімін іс жүзінде тексеруге тамаша мүмкіндік болмақ.