«Worldskills-Aktobe -2024» облыстық чемпионатының жабылу салтанаты өтті
Чемпионат 82 құзыреттілік бойынша өткізілді: веб-дизайн, электр монтажы, аспаз ісі, шаштараз өнері, дәнекерлеу технологиясы, киімді жобалау және модельдеу, мехатроника, тас қалау және т. б.
Аталған чемпионатқа Ақтөбе облысының 32 колледжінен 21 жасқа дейінгі 400-ге жуық жас болашақ мамандар қатысты.
Байқау негізгі 30 құзіреттілік бойынша Ақтөбе индустриалды-кәсіптік колледжі және 10 колледж базасында өткізіліп, оларға әлеуметтік серіктес кәсіпорындардың жетекші мамандары сарапшылық етті. 2023 жылы «WorldSkills Kazakhstan 2023» Республикалық чемпионатында Ақтөбе облысы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола және 8 медальон жеңіп алып, Республика бойынша 7 орынды иеленді. Алтын медаль иегерлері, Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің студенті А.Балбердинов пен Ақтөбе автожол колледжінің студенті Р.Мифтахетдинов ағымдағы жылы Францияның Лион қаласында өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстан құрама командасын таныстыратын болады.
