GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкімдік туралы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Все материалы
23 октября 2026
БҰЛАҚТЫКӨЛ АУЫЛЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Қызылбұлақ ауылдық округіне қарасты Бұлақтыкөл ауылының тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында ауылдың тыныс-тіршілігі талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

🔹Тұрғындар ауыл аумағында ұңғыма қазу үшін босалқы жерден жер телімін бөлу мүмкіндігі, «Көкжиде» бағдарламасы аясында ауызсу тарту мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

🔹Сонымен қатар, фельдшерлік пункт ғимаратының тозығы жеткені айтылып, оның жағдайына назар аудару қажеттігі көтерілді. Ауыл балаларына арналған ойын алаңын салу жөнінде де ұсыныс білдірілді.

🔹Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар көтерген мәселелер назарға алынып, оларды шешу жолдары талқыланды.

23 октября 2026
КЕМЕРШІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Кемерші ауылының тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында ауылда жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жұмыстар талқыланды. Атап айтқанда, жаңадан орнатылып жатқан электр бағаналарына көше жарықтарын қою мәселесі көтеріліп, оны жүзеге асыру тәртібі жөнінде сұрақ қойылды.

🔹Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекеннің дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

🔹Аудан әкімі ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

🔹Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер тиісті сала басшыларының назарына ұсынылып, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.

23 октября 2026
ЖАҢАТАҢ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Қызылбұлақ ауылдық округіне қарасты Жаңатаң ауылының тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында ауылдық округ әкімі атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жиын сұрақ-жауап форматында жалғасты.

🔹Тұрғындар кездесу кезінде бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Жаңатаң мен Кеңқияқ ауылдарының арасындағы жолды күтіп ұстау, жолды тегістеп, тазалау мәселесі айтылды. Сонымен қатар, қыс мезгілінде маңайдағы компаниялардың жолдарды қардан тазартуға қолдау көрсетуі қажеттігі сөз болды.

🔹Кездесу қорытындысында аудан әкімі көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті мекемелермен бірлесіп қарастыру және оларды шешу бағытында жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

22 октября 2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында экоплоггинг сайысы өткізілді!

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясы және нашақорлықтың алдын алу бағытында Байғанин техникалық колледжінің студенттері арасында “Таза Байғанин” экоплоггинг сайысы өткізілді.

♻️ Сайыстың мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

🏆 Сайыс қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын – «АТМ-3» командасы
🥈 2-орын – «АТМ» командасы
🥉 3-орын – «АСП» командасы

Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! Таза табиғат пен салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!

22 октября 2026
ЖАРҚАМЫС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Жарқамыс ауылының тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында аудан әкімі ауылда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

🔹Кездесуде ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелер талқыланып, тұрғындармен ашық пікір алмасу жүргізілді.

🔹Аудан әкімі тұрғындармен кездесудің маңыздылығын атап өтіп, елді мекендердің дамуына қатысты ұсыныстар мен пікірлердің назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

22 октября 2026
ҚАРАЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Жарқамыс ауылдық округіне қарасты Қаражар ауылының тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында аудан әкімі елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты мәселелерді талқылап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

🔹Атап айтқанда,Жарқамыс – Қарауылкелді бағытындағы автомобиль жолының мәселесі айтылды.Бұдан бөлек, ауыл тұрғындары газ есептегіштерін электронды құрылғыға ауыстыруға қатысты мәселе көтерді.

🔹Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу жолдарын қарастыру қажеттігі атап өтілді.

21 октября 2026
АЩЫАҒЫРДАҒЫ КӨПІР ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Сартоғай ауылдық округіне жұмыс сапары барысында Ащыағырдағы көпір құрылысының барысымен танысты.

🔹Аталған көпір облыстық маңызы бар «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт» автомобиль жолының 34-шақырымында орналасқан. Бұған дейін көктемгі су тасқыны кезінде жолды су басып, елді мекендер арасындағы көлік қатынасына қиындықтар туындаған болатын. Осы мәселені шешу мақсатында жаңа көпір құрылысы қолға алынды.

🔹Жобаға сәйкес, көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр. Құрылыстың жалпы құны 342,7 млн теңгені құрайды. 2026 жылы облыстық бюджеттен 330,036 млн теңге бөлінген.

🔹Құрылыс жұмыстарын «Lider Invest Group» ЖШС жүргізуде.

🔹Қазіргі таңда құрылыс алаңына арнайы техникалар мен 28 темірбетон қада жеткізіліп, уақытша айналма жол салынды. Гидрооқшаулау, арматуралау және бетондау жұмыстарының негізгі кезеңдері орындалды. Алдағы уақытта көпір арқалықтарын орнату жоспарлануда.

🔹Нысанды аралау барысында аудан әкімі құрылыс сапасына ерекше назар аударып, мердігер ұйымға жұмыстарды белгіленген талаптарға сәйкес әрі уақытылы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

🔹Жаңа көпірдің пайдалануға берілуі Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендері бағытындағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауына мүмкіндік береді.

21 октября 2026
АЛТАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Сартоғай ауылдық округіне қарасты Алтай батыр ауылының тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында ауылда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

🔹Тұрғындар тұрғын үйлердегі электр желілерінің техникалық жағдайына қатысты мәселе көтерді.

🔹Аудан әкімі жауапты сала мамандарына электр желілерінің жай-күйін зерделеп, жөндеу және жаңарту қажеттілігі бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Мәселенің шешілу барысы бақылауға алынды.

21 октября 2026
ШҰҚЫРШИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Сартоғай ауылдық округіне қарасты Шұқырши ауылының тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында аудан әкімі елді мекенде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

🔹Кездесу ашық форматта өтіп, ауылдың тыныс-тіршілігі мен алдағы даму бағыттары талқыланды.

21 октября 2026
БАРШАҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Сартоғай ауылдық округіне қарасты Баршақұм ауылының тұрғындарымен кездесті.

🔹Кездесу барысында аудан әкімі елді мекенде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар туралы баяндады. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

🔹Тұрғындар Алтай батыр – Қарауылкелді бағытындағы қалған 21 шақырым жолдың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу, ауылға газ жеткізу жұмыстарын жеделдету және медициналық қызметкермен қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

🔹Аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді назарға алып, оларды шешу мүмкіндіктерін қарастыруды жауапты сала басшыларына тапсырды. Алдағы уақытта әр мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы