Құрметті аудан тұрғындары!
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ауданда ірілі-ұсақты іс-шаралар жүзеге асырылып, халық игілігіне бағытталды. Оның барлығы да Сіздер мен біздердің еселі еңбектеріміздің арқасы. Елімізді тұтастай алғанда, оның ішінде ауданымызға тоқталсақ та біз бірнеше жылдарға жоспарланған жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылғандығын айта аламыз.
Бүгінгі әр тұрғынның әл-ауқатын арттыруға, олардың қолайлы өмір сүруіне жасалған жағдай – Тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбектің берген жемісі.
2021 жыл бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз.
ЭКОНОМИКА
2021 жылы бюджеттің кіріс бөлігі 4,8 млрд теңгені құрады немесе 100,7%-ға орындалды. Бюджеттік шығыстар бойынша 8,5 млрд теңге көлеміндегі аударымдар 93,7 % игерілді.

БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
2021 жылы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 151,4 млрд теңгені құрады немесе 104,8 % орындалды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 85,2 млрд теңгені құрап, 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 86,1% құрады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Байғанин ауданы барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша 100 пайыздан кем емес (аудан экономикасына тартылған инвестициялар және құрылыс жұмыстары көлемінен басқасы) өсім қалыптасты.

2022 жылға жоспар:
-Өнеркәсіп өнімі көлемін 172,0 млрд теңгеге жеткізу;
-Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемін 10,2 млрд теңгеге жеткізу;
-Аудан экономикасына 50,0 млрд теңгеге инвестиция тарту;
-Бөлшек сауда көлемін 1,9 млрд теңгеге жеткізу;
-Шағын орта бизнес субъект санын 1800 бірлікке жеткізу;
-Ауыл шаруашылығы өнімін 20,0 млрд теңгеге жеткізу;
-Құрылыс жұмыстарының көлемін 7,0 млрд теңгеге жеткізу;
-Пайдалануға берілетін тұрғын-үйді 11 200 шаршы метрге жеткізу.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС
Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді шараларының нәтижесінде кәсіпкерлік саласы дамып келеді.
2021 жылғы бөлшек сауда көлемі 1,3 млрд теңгені құрап, 106,5 %-ға орындалды. Көтерме сауда тауар айналымы 16,7 % өсіп, 34,5 млн теңге құрады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ субъектілеріне жаңадан 289 бірлік ШОБ субъектілері тіркеліп, жалпы саны 1427 бірлікті құрады немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,8%-өсті. Оның ішінде: жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 1405 бірлікке жеткізіліп, 104,2%-ға өсті.
2021 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 205,6 млн теңгеге 21 жобаға қолдау көрсетіліп немесе 300,0 % орындалды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 4,0 млрд теңге көлемінде 5 жоба несие алды. Биылғы жылы Қарауылкелді ауылынан 3 дәмхана, 2 сауда дүкені, Жарқамыс ауылдық округінен 1 дәріхана ашылып отыр.

2022 жылға жоспар:
- Шағын және орта бизнеспен айналысатындар санын 150 бірлікке ұлғайту;
- Ауданда кәсіпкерлік қамтылмай отырған салалар кемпинг, елді мекендерден шаштараз, сауда орындарын ашу;
- «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 5 жобаны жүзеге асыру;
- инвестициялық жобалар (1 көлік жуу бекеті, 2 сауда дүкені, 1 супермаркет, 1 қонақ үй, 1-тойхана) жүзеге асыру
- «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5 жобаны жүзеге асыру.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Жылдың қорытындысы бойынша 18,7 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 107,0 % құрады.
Жыл ішінде ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту мақсатында ауданымызға 38 трактор 446,9 млн. теңгеге сатып алынып, инвестиция тартылды.
Облыс әкімінің қолдауымен мал азығының шығындарының бір бөлігін өтеу мақсатында ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары 143,0 млн теңге қаражатпен қамтамасыз етілді. Ауданның асыл тұқымды мал басын көбейту, тұқымдық құрамын жақсарту мақсатында 84 ауылшаруашылық құрылымдарына 61,4 млн теңгеге субсидиялау жұмыстары жүргізілді. Мал азығымен қамтамасыз ету барысында аудан орталығында мал азығы жәрмеңкесі 3 рет өткізіліп, ауданның мал азығымен аз қамтылған 57 отбасының тізімі жинақталып, 103,5 тонна мал азығы тасымалданып қамтамасыз етілді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен аудан бойынша 52 жоба 320,7 млн. тг несие алынды.
Жылдың қорытындысы бойынша ірі қара-43,7 мың бас, қой мен ешкі-128,3 мың бас, жылқы-19,8 мың бас, түйе-3,4 мың басты құрады.

2022 жылға жоспар:
Алдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, нақты көлем индексі 105,0 % төмен түсірмеу.
Ауыл шаруашылық құрылымдарының ауыл шаруашылық техникалар паркін жаңарту мақсатында кемінде 15 техникамен қамтамасыз ету.
Мемлекеттік салалық бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарын қатыстыру, оларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Ауыл шаруашылығы жануарларының ( МІҚ, ҰМҚ, Жылқы, Түйе сандары) өсімін 103 % кемітпей, өсім негізін қалыптастыру.
Алдағы жылы Миялы ауылдық округінен шағын мал сою алаңын іске қосу.
ҚҰРЫЛЫС
2021 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 6,0 млрд.теңгені құрады немесе нақты көлемінің индексі 19,7 %.
- 9 274 шаршы метр немесе 73 тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 109,0 пайыз;
-Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесінде №84 екіқабатты 16-пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің және сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы пайдалануға берілді;
- Қазақстан және Теміржол-3 көшелеріндегі сумен қамту желілерінің құрылысы;
- Қарауылкелді ауылындағы денешынықтыру - сауықтыру кешенінің аумағы абаттандырылды;
-Қарауылкелді ауылындағы Аэропорт көшесін жарықтандырылды;
-Қарауылкелді ауылында әкімшілік ғимаратты және сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы пайдалануға берілді;

2022 жылға жоспар:
- Қарауылкелді ауылындағы Жаңақұрылыс -1 көшесін газбен қамту;
- Қарауылкелді ауылы, Аэропорт көшесі, №83 мекен-жайындағы екі қабатты 16-пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің құрылысын және сыртқы инженерлік желілерін пайдалануға беру;
-Ойыл ауданы жеткізуші магистралды газ құбырын көшіруге жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
-Көлтабан ауылдық округі, Жарлы ауылында әкімшілік ғимаратты салу;
-Қарауылкелді ауылындағы ІІ үлгідегі автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының кешенін салуға жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу;
-Қарауылкелді ауылындағы Болашақ тұрғын үй массивін электрмен қамтамасыз ету;
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгерімінде 148 тұрғын үй бар, оның ішінде жалдамалы тұрғын үйлер саны-97, коммуналдық тұрғын үйлер саны-32, қызметтік тұрғын үйлер саны-19.
2021 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды кезекке қою бойынша 101-адам өтініш білдіріп, 71-адам тұрғын үй кезегіне қойылды.
2 қабатты 16 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй жетім балалар-3 пәтер, көп балалы отбасы-3 пәтер, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтар-6 пәтер, мемлекеттік қызметшілер-3 пәтер, авариялық жағдайдайдағы- 1 пәтер берілді. Бюджет қаражаты есебінен көп балалы отбасыға 1 тұрғын үй сатып алынды.

Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша
Аудан бойынша тұрғындардың ауыз сумен қамтамасыз етілуі:
- елді мекендер саны бойынша 43,5% (10 елді мекен),
- тұрғындар саны бойынша 83,5 %.
Алтай батыр, Қаражар, Көкбұлақ, Қосарал және Қопа ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ұлтық қордан және облыстық бюджеттен 1 320,0 млн.тг қаражат бөлініп, жұмыстары келесі жылға жалғасуына байланысты өтпелі кезеңге ауыстырылды.
Айрық және Шұқырши ауылдарына кешенді блок-модуль (КБМ) орнату арқылы халық ауыз сумен қамтамасыз етілді. Облыстық бюджет есебінен Қарауылкелді ауылындағы су құбыры желілерін кеңейту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
Халықты газбен қамтамасыз ету бойынша
Аудан бойынша тұрғындардың газбен қамтамасыз етілуі:
- елді мекендер саны бойынша 30,4% (7 елді мекен),
- тұрғындар саны бойынша 72,6 %.
Көлік инфрақұрылымы
Республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автомобиль жолының 125 шақырымы (205-330 км) аудан территориясы арқылы өтеді.
Жергілікті маңызы бар 392,7 шақырым жол бар, оның ішінде 20 шақырымы жақсы жағдайда, қанағаттанарлық жағдайдағысы 119 шақырым, қанағаттанарлықсыз жағдайда 257,9 шақырым. 2020-2022 жылдарға жолдарды қалыпты жағдайда күтіп ұстау жұмыстары үшін «Мерей и К» ЖШС мен келісім шарт жасалды.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жәй күйін жақсарту мақсатында Қарауылкелді-Жарқамыс 20-35 км, Қарауылкелді-Алтай батыр-Миялы-Оймауыт бағытындағы 0-31 км автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 737,9 млн.тг қаражат бөлініп, жұмыстары жүргізілді. Қалған жұмыстары ауыспалы кезеңмен келесі жылы аяқталатын болады.
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарауылкелді ауылындағы Ж.Айжарықов және Ә.Молдағұлова көшелеріндегі автомобиль жол құрылысы пайдалануға берілді. Жарлы ауылындағы Қ.Боқанов көшесінің автомобиль жол құрылысы ауыспалы кезеңмен келесі жылы пайдалануға берілетін болады.
2022 жылға жоспар:
- Дияр, Баршақұм және Жаңатаң ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету;
- Көптоғай және Жыңғылдытоғай ауылдарына КБМ орнату;
- Қарауылкелді-Жарқамыс 35-50 км (466464,01 мың тенге), жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Ебейті ауылына кіре беріс жолдың 0-27 км және Қарауылкелді-Жарқамыс 50-66 км жолға орташа жөндеу;
- Қарауылкелді ауылы бойынша екі көшеге (С.Бәйішов атындағы көше және Қ.Жазықов атындағы көшенің екінші жартысы) Ноғайты ауылындағы Бейбітшілік көшесіне жол құрылысы;
БІЛІМ БЕРУ
Аудан бойынша 23 мектептің 20-сы орта, 2-уі негізгі және 1 бастауыш мектептер болып саналады. 2021-2022 оқу жылында оқушылар саны – 4672 құрайды, оларға 942 педагог сабақ береді.
2 қосымша білім беретін мекемелерде Б.Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебі мен Шығармашылық үйінде 1398 оқушы үйірмеге қатысады. Оларға 27 педагог сабақ береді.
15 балабақшада 995 бала тәрбиеленуде. Оларға 121 педагог тәрбие береді.
Биылғы мамыр, маусым айында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеуге аудан бойынша қатысым 89,6 пайызды көрсетті. 10 оқушы 100 және одан жоғары балл жинады. Оқу жылында 19 оқушы «Алтын белгі» аттестатының, 13 оқушы «Үздік аттестат», 54 оқушы негізгі орта білім туралы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
Биылғы мектеп бітіруші түлектер -262. Аудан бойынша мемлекеттік грантқа 86 түлек түсті.
«Мектепке жол» акциясы аясында 312 оқушыға 833,0 млн теңгеге көмек көрсетілді.

2022 жылға жоспар:
- Мектеп кабинеттерін жаңарту жұмыстары жүргізіледі.(Сағыз орта мектебі, Қопа орта мектебі, А.С.Пушкин атындағы орта мектебі, Т.Айбергенов атындағы орта мектебі);
- күрделі жөндеу жұмыстары (Сағыз орта мектебі);
- С.Ешбаев атындағы орта мектебі ғимаратын ашу;
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР
Есепті жылдың 12 айы ішінде ауданда төмендегі жұмыстар атқарылды:
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту шараларымен 2888 адамды қамту жоспарланып, бағдарламаға жыл ішінде 2978 адам немесе 103,1% тартылды.

Атаулы әлеуметтік көмек бойынша
2021 жылы 231 аз қамтылған отбасына (1235 адамға) жыл ішінде 42,4 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Мүгедектерге көрсетілетін қызмет түрлері аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде «Е-Собес» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. 2021 жылы мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 8 адам протез-ортопедиялық көмекпен, 30 адам тифлотехникалық құралдармен, 2 адам сурдотехникалық құралдармен, 23 адам санаториялық-курорттық жолдамалармен, 3 адам кресло-арбалармен, 36 адам гигиеналық құралдармен, барлығы 102 адам қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.
2022 жылға жоспар:
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Аудан тұрғындарына 48 төсектік «Байғанин аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, 200 келушіге арналған поликлиника, 7 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт дәрігерлік көмектер көрсетеді.
Аудандық аурухана және 7 дәрігерлік амбулатория интернет жүйесіне қосылған. Қазіргі сәтте орталық аурухана және емхана осы ақпараттық жүйемен жұмыс жасауда.
Аудан бойынша «covid-19» 293 жағдай тіркелді (сиптоммен – 116, симптомсыз – 177 адам). Анықтама: (covid-19) 1 адам қайтыс болды.
ВАКЦИНАЦИЯ
Вакцина 1 этап – 8604 адам екпе алды. Вакцина 2 этап – 7945 адам екпе алған.
Ревакцинация – 1475 адам екпе алған.
Демографиялық көрсеткіштер. Байғанин ауданы бойынша 21 501 халықтың 14 жасқа дейінгі балалары 7337, жасөспірімдер саны 1 095, 2021 жылы 12 айда 648 (2020 ж 12 ай 565) сәби дүниеге келді.
1 жасқа дейін қайтыс болған -8 бала (2020 ж 12 ай - 9).
Аудан бойынша ағымдағы жылдың 12 айында 115 (2020 ж 12 ай -125) адам қайтыс болып отыр.
Есепті кезеңде туберкулезбен 8 (2020 ж 12 ай 7 жағдай) жаңа жағдай тіркелді.
Ісік ауруларын және қан айналым жүйесі, қант диабеті, глаукома ауруларын ерте анықтау мақсатын да жүргізілетін скринингтік тексерілулер өз деңгейінде жүргізілуде.
«Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында аудандық ауруханасының материалдық базасы жаңа ФГДС аппаратымен және 4 медициналық автокөлікпен толықты.

2022 жылға жоспар:
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталған аудандық аурухана ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары 70%-ға аяқталып, 2022 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланып отыр.
Ауыспалы кезеңмен Жарқамыс елді мекендеріне жаңа амбулатория құрылысы берілетін болады.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Ауданда 22 кітапхана, 16 клуб, 1 музей жұмыс жасайды.
Аудан клуб мекемелерінде 5 “Халықтық”, 3 “Үлгілі” атақтары бар ұжымдар жұмыс жасайды.
2021 жылы аудан тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыруда, ұлттық салт-дәстүрді сақтау және дамыту, ауылдың рухани мәдениетін жоғары дәрежеге көтеру, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген идеялар мен құндылықтарды жүзеге асыру, жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында аудан мәдениет мекемелерінде жерлес ақын, драматург Б.Тәжібаевтың 95 жылдығы, жерлес жазушы Мәди Айымбетовтың 75 жылдығы, жазушы Тынымбай Қариннің 80 жылдығы, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Ұлы ақын, жырау, жыршы Ж.Жабаевтың 175 жылдығы мерейтойлары, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және мемлекеттік мерекелер барлық аудан мәдениет мекемелерінде өз мәнінде аталып өтілді.
Атап айтқанда жыл ішінде: Аудан мәдениет мекемелерінің бірлесіп ұйымдастыруымен А.Тәжібаева атындағы облыстық «Ақбаян» халық әндерін орындаушылар онлайн байқауы, Б.Тәжібаевтың 95 жылдығына орай «Ән мен жырдың Ақбұлағы» атты республикалық ән байқауы, «Ақпа жырдың Ақтаны» атты облыстық термешілер байқауы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ақыны бұлбұлдайын сайраған жер» атты облыстық ақындар айтысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

2022 жылға жоспар:
2022 жылы қоғамдық саяси, мемлекеттік мерекелерде өткізілетін мәдени шаралармен қоса Бәкір Тәжібаевқа арналған «Ән мен жырдың Ақбұлағы» республикалық ән байқауы, Облыстық Ақындар айтысы, А.Тәжібаеваға арналған облыстық «Ақбаян» ән байқауы, Ақтан Керейұлы атындағы облыстық термешілер байқауы, Төлеген Айбергеновтың 85 жылдығы, Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы, Қажығали Мұханбетқалиұлының 80 жылдығы сонымен қатар, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында да әр алуан шаралар жыл бойы өткізілетін болады.
СПОРТ САЛАСЫ
Қазіргі таңда аудан бойынша 9 спорт түрі дамытылған. Аудандағы жүйелі түрде денешынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны — 7714 адам немесе 33,5%. Ал спорт нысандарының саны 111-ке жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 4 бірлікке артып отыр.
Оның ішінде дене шынықтыру және спорт бағытындағы қарапайым спорт алаңдар -79, спорт зал -23, икемделген спорт зал -1, хоккей корты -7, бассейн-1.
Бұқаралық-денешынықтыру және спорттық-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттың әр түрінен бүгінгі күнге дейін 150 іс-шара өткізіліп, 9000 мыңнан астам адам қамтылды. Өткізілген 20 іс-шаралар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 30 іс-шаралар даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы құрметіне өткізілді.
Қалған 100 іс-шаралар әртүрлі дзюдо күресінен ҚазССР Ауылшаруашылығы үздігі, Байғанин ауданының құрметті азаматы Н. Тасинді еске алуға арналаған аудандық ашық біріншілігі, еркін күрестен ҚазССР Халық ағарту ісінің үздігі Т.Жазымовты еске алуға арналған облыстық турнир, волейболдан спорт ардагерлері А. Можабаев пен Р. Ершуақовты еске алуға арналған облыстық турнир, т.б түрлерінен өткізілді.

2022 жылға жоспар:
Ауданда спортты дамыту мен саламатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра отырып, 2022 жылға «Ауыл –Ел Бесігі» жобасы аясында Жарқамыс, Жарлы ауылдық округтеріне ангар типтегі дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені құрылысын салу жоспарлануда.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Аудан тұрғындарының 6630-ы жастар, яғни жастар саны барлық тұрғындардың 29 пайызын құрайды.
Аудан бойынша NEET санаты-20. NEET санатындағы мүмкіндігі шектеулі-19 жас І-ІІ топ мүмкіндігі шектеулі оқуға немесе жұмысқа жарамсыз жастар, Абсолюттік NEET санатындағы- 1 жас әскери отан алдындағы борышын (2020-2021 жыл) өтеп, қысқа мерзімді оқу орнынан куәлік алып,қазіргі таңда вахталық жұмысқа күзетші қызметіне орналасты. Жыл қортындысы нәтижесінде NEET санаты бойынша бір жасқа азайды.

Аудан бойынша 2021 жылға 5 волонтерлық топ және олардың құрамында 118 волонтер жұмыс жасайды. Жыл бойы волонтерлық топ жоспарға сәйкес жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған әр түрлі шараларына үздіксіз ат салысты.
«Бастау бизнес» жобасы бойынша «Атамекен» ҰКП арқылы кәсіпкерлік негізінде тізім бойынша жастар оқуға жіберіліп, сертификат алған 30 жас жобаларын қорғап, қайтарымсыз грантын жеңіп алды.
2022 жылға жоспар:
- «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы бойынша «Жас кәсіпкер» жобасына 27 жасқа грант алуға қолдау;
- «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 150 жасты жұмыспен қамту;
- Волонтерлық қозғалыс бойынша 1 волонтерлық топ ашу;
- Жастар арасында жұмыссыздық денгейін 3,1 пайызға азайту;
- Туризм саласын дамыту бойынша облыстық жастар форумы;
- Спорт түрлерінен сайыстар бойынша жастар кубогы;
- «Білгірлер аламаны» жобасы аясында жас мұғалімдер арасында интелектуалды сайыс;
- «Дарабоз» жобасы аясында жас қызметкерлер арасында спорттық сайыс.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Байғанин ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен Ақтөбе облысы полиция департаменті және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарын басшылыққа ала отырып, ортаны тұрақтандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және басқа да құқықбұзушылықтарды болдырмау бойынша жұмыстар жүргізуде.
2021 жылы «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Құқықтық тәртіп», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» сияқты 150-ге жуық жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
«Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы бойынша аудан полиция бөлімі қызметкерлерімен жасөспірімдер қылмысын төмендету мақсатында тоқсан сайын мектептер мен колледждерде 200-ге жуық тәрбиелік танымдық шаралар өткізілді.
Қылмыстық құқықбұзушылық бойынша өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Атап айтсақ қылмыс саны 29 бірлікке төмендеді, 39-ы тіркелген (2020 жылы - 68). Оның ішінде: кісі өлтіру биылғы жылы орын алған жоқ (2020 жылы-1), орташа ауыр қылмыс 14 (2020ж-28), ұрлық-11 (2020ж-27), бұзақылық орын алған жоқ (2020жылы-4), қоғамдық жерлердегі қылмыс 4-уі (2020 жылы- 10) және көшедегі қылмыстар 1 (2020 жылы-5).
Көптеген қылмыс түрлері азайғанымен кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыс осы жылы 1 бірлікті (2020 жылы 0) құрап отыр.
Бұл жердегі басты міндетіміз-қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмысымызды жандандырып, құқықбұзушылықты азайту.
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Біз өткенді қорытындылап, 2022 жылға арналған жоспарды белгілеп отырмыз. Ауданның жылдан жылға жаңарып көркейюі өткен жылы атқарылған жұмыстардан анық білінеді.
Біз ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі Жаңа жағдайдағы экономиканы дамыту, ауыл шаруашылығын дамытпай бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – басты басымдық қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамытуды, отбасылық-демографиялық ахуалды жақсарту, цифрландыру – барлық реформаның негізгі элементі болып табылатындығын баса айтты.
Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог орнату.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген болатын.
Осы орайда, ауданымызды дамытуда біздің бірлесе атқарған жұмысымыз ғана оң нәтиже беріп, әрбір аудан тұрғынының өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік жасайды.