Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз, жыл басы қашанда бірлік пен татулықтың, ізгілік пен бақыттың, жаңару мен жаңа өмірдің жаршысы іспетті. Халқымыз ежелден-ақ алдағы күндердің жақсылығы мен қуанышының бастауы Наурызда деп білген. Келіп жатқан жыл басы, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, жаңарудың белгісі, тіршіліктің тынысы, халық қастерлеген Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ащы ауылдық округі, Ноғайты ауылына қарасты барлық мекемелердің ұйымдастыруымен “Әз-Наурыз” атты концерттік бағдарлама өткізілді.
🌼🎶 Көркем әндер мен билер, ұлттық ойындар мен өнердің барлық түрі — бұл күн бізді біртұтас етіп, ерекше бір атмосфера сыйлады. Ұлыстың ұлы күніне арналған концертке қатысқан барлық өнерпаздарға, сонымен қатар демеушілік еткен Аманат партиясына, Теміржол мекемесінің қызметкерлеріне, Абылайхан ш/қ басшысы Ыбырайымов Тұрдыбек Жүсіпұлына, жеке кәсіпкерлер Әбілханов Есімге, Борашов Айханға, Раушанова Мейрамгүлге үлкен алғысымызды білдіреміз! Жаңа жылда жаңа жетістіктер мен бақыт тілейміз!