АӨК саласында 2020-22 ж. аралығында жүзеге асырылып жатқан жобалар
АӨК саласында 2020-22 ж. аралығында жүзеге асырылып жатқан жобалар
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы 2020 жылдың 10 айында аграрлық секторға 19,1 млрд.теңге инвестиция тартылғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта өңірде бірқатар ірі жобалар іске асырылуда.
«Экоферма-2015» ЖШС NGS инновациялық технологиясын қолдану арқылы құлпынай өсіретін жылыжай құру жобасын сәтті жүзеге асырды. Инвестиция көлемі 623,0 млн. теңгені құрады. Кәсіпорын өнімдері Ақтөбе қаласы мен басқа да облыстардың сауда желілерінде сатылады. Жылыжайдың қуаттылығы жылына 150 тонна жидек.
«Грин Капитал Қазақстан» ЖШС 5-ші буынды жылыжай кешенін салу жобасын жүзеге асыруда. Жобаны іске асыру 2022 жылға дейін 3 кезеңде жүргізіледі. Инвестицияның жалпы көлемі 20,4 млрд.теңгені құрайды, қуаттылығы-14 000 тонна, 260 жұмыс орны.
2019 жылы қуаты жылына 3,5 мың тонна жылыжай кешенінің 1-кезеңі іске асырылды. Ағымдағы жылы жобаның 5,1 млрд.теңге сомасына 2-кезеңі іске қослатындығын күтілуде.
Ағымдағы жылы 1,2 млрд.теңге сомасына «Айс плюс» ЖШС сүт өңдеу зауытын жаңғырту жүргізілді. Зауытты жаңғырту шығарылатын өнім ассортиментін, оның ішінде балмұздақтың 60 түріне дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.
«АКМЭЗ» компаниясы өсімдік майы мен азықтық шрот өндіретін экстракциялық зауытын іске қосты. Осы жоба бойынша инвестиция көлемі 1,8 млрд.теңгені құрады. Жобаның қуаттылығы-жылына 36000 тонна. 90 жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы 400,0 млн.теңге сомасына өсімдік майын рафинация цехын іске қосу бойынша жоба іске асырылуда, жобаны іске асыру өнім экспортын 6,0 млрд. теңгеге арттырады.
Ағымдағы жылы «Мұрагер-22» ЖШС балық өсіру зауытын салу жобасын іске асыруда. Балық өсіру үшін жабық сумен жабдықтаудың инновациялық қондырғысы қолданылады. Жобаның құны 1,5 млрд.теңгені құрайды, қуаты 1500 тонна. Кәсіпорында 42 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жобаны іске асыру ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортталатын түрлерін кеңейтеді.
2020 жылдан бастап «Рокос Агро» ЖШС қуаттылығы жылына 20 мың тонна құс етін құрайтын ет бағытындағы құс фабрикасын салу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта жер учаскесін таңдау жүргізілуде, жобаны жобалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоспарланған инвестиция көлемі 32,0 млрд.теңге. Жобаны іске асыру мерзімі - 2022 жыл.
Шалқар ауданында «Нұралы» ШҚ 5000 бас ірі қара малға дейін бордақылау алаңын кеңейту бойынша жобаны жүзеге асырды. Жобаның құны 300,0 млн.теңгені құрайды. Шаруашылықта қуаттылығы 1800 тонна ет өңдеу цехы жұмыс істейді.
Сондай-ақ, 20 000 қой өсіру бойынша зәкірлі шаруашылық құру жобасын іске асыру жоспарлануда.
Ақтөбе қаласында "ТемірТұлпарСервис" ЖШС 400 бас ІҚМ арналған тауарлы сүт фермасын құру жобасын іске асыруда. Қазіргі уақытта 400,0 млн.теңге инвестиция салумен жемшөп базасын құру және жерді суармалу бойынша жұмыстар жоспарланып отыр.
"РадАгро" ЖШС 862 га жерлерді суармалу бойынша жобаны және 1,9 млрд.теңге сомасына инвестиция салумен сүт-тауар фермасын құруды іске асыруды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта 290,0 млн.теңге сомасына суару машиналарын сатып алу және монтаждау бойынша жұмыстар аяқталды.
Ағымдағы жылы «Milker» ЖШС қуаттылығы 12,0 мың тонна және 20 жұмыс орнын құрумен құрама жем зауытының құрылысы бойынша жобаны іске асырды. Жобаның құны 700,0 млн. теңгені құрайды.
2021 жылы «Milker» ЖШС инвестиция көлемі 17,0 млрд.теңгені құрайтын 3000 бас ІҚМ сүт-тауар фермасын салу жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.