Жиі қойылатын сұрақтар
1) Пишется заявление на имя акима по месту нахождения земельного участка о постановке на очередь на получение земельного участка под ИЖС и сдаётся в канцелярию акимата;
2) к заявлению прилагается удостоверение личности.
Истребование других документов не допускается.
Ауыл шаруашылығы техникаларын «ҚазАгроҚаржы» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржылық институттары арқылы лизингке сатып алу мүмкіншілігі бар.
Лизингтік қаржыландыруды ұсынудың негізгі шарттары: лизинг мерзімі – 7 жылға дейін; сыйақының атаулы мөлшерлемесі – жылына 14,5%, оның 10% субсидияланады; лизинг бойынша бастапқы жарна – лизингтік зат құнының 15%-нан кем емес.
Сонымен қатар, кредиттер және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу бойынша лизингтің сыйақы мөлшерлемелерін 10%-ға арзандату арқылы субсидиялау және инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шаралары бар екендігін жеткіземіз.
Ол үшін Ақтөбе қаласындағы «Даму» кәсіпкерлерді қолдау орталығында орналасқан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе филиалдарына жолығуыңыз керек. Несиені аудандардағы несие серіктестіктері арқылы да алуға болады. Несиелер 4,0-6,0 пайыздық сыйақы мөлшерлерімен 15 жылдық мерзімге дейін беріледі.
Мемлекеттік қолдауды алу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) алу қажет.
ИАС (ақпараттық талдау жүйесі) арқылы интернет жүйесінде өтінім бересіз. Өтінім ИАС-та жасақталып, тексеруге қажетті ақпараттар енгізілгеннен соң талаптарға сәйкес болса, мақұлданып қаражат шаруашылықтың есеп шотына аударылады. Өтінім мақұлданғаны туралы ақпарат өтінім берген компьютерге келіп түседі.
Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) өтінімді «электрондық үкіметтің» немесе QOLDAU.KZ веб-порталы арқылы электрондық түрде беру;
2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу.
3) өтінімнің осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген жобалардың паспорттарына, сондай-ақ осы Қағидалардың инвестициялық субсидиялау талаптарына сәйкестігі;
4) инвестордың субсидиялау ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы;
5) № 1, № 2, № 4, № 18, № 19 жобалардың паспорттары үшін, инвесторда субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің (лерінің) болуы;
6) № 5, № 6, № 9 жобалардың паспорттары үшін, инвесторда субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының тиісті санының (ірі қара мал бойынша 15 (он бес) айдан жоғары, ұсақ мал бойынша12 (он екі) айдан жоғары) болуы;
7) инвестордың техниканы және/немесе жабдықты және/немесе автомобильдерді сатып алғанының расталуы;
8) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің электрондық шот-фактуралармен сатып алынғаның расталуы. 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмсалған шығындар қағаз шот-фактуралармен расталады.
Тракторшы-машинист куәлігін және қаршана, квадроцикл жүргізуге рұқсат беру (телнұсқасын алу, ауыстыру) азаматтардың тұрақты тіркелген тұрғылықты жері немесе уақытша келген жері (уақытша тіркелген жағдайда) бойынша жүзеге асырылады. Куәлік алу үшін азамат Ақтөбе қаласында тіркелсе, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй), ауданда тіркелген жағдайда аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтініш беруі қажет.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгерді.
Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
Қаржы институты субсидиялауға арналған өтінімді "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беруі.
Субсидиялау ауыл шаруашылығы техникасын, оның ішінде аспалы және тіркемелі жабдықты сатып алуға арналған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған, негізгі құралдарды сатып алуға, құрылысқа арналған қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді көздейтін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) теңгемен жылдық 10 (он) %-ға;
2) Ресей рублімен жылдық 8 (сегіз) %-ға;
Айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыз шарты бойынша субсидиялау сыйақы мөлшерлемесін төмендетуді көздейтін мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) теңгемен жылдық 5 (бес) %-ға;
2) Ресей рубльімен жылдық 4 (төрт) %-ға;
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
Кредит/микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 жылдан аспайтын қатысушыларды және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысушыларды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияларға қатысушылар үшін кредиттер/микрокредиттер кемінде бір жаңа тұрақты жұмыс орнын құру шартымен ұсынылады.
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша кредиттер/микрокредиттер "«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, сондай-ақ МҚҰ және "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы қорландырылатын кредиттік серіктестіктер арқылы беріледі.
Қаржы институттарының мекен-жайы: : Ақтөбе қаласы; Абілхаир-хан д. 51/1 (Даму ғимараты).
Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ) сатып алынған тұқымның, тыңайтқыштардың, гербицидтердің және пайдаланылған су мөлшеріне жұмсалған шығындарды өтеу үшін субсидиялар төленеді.
Өтінім беру QOLDAU.KZ порталына арқылы жүзеге асырылады.
АШТӨ порталға электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидиялар алуға өтінімді ұсынады.
АШТӨ порталға субсидия алуға арналған өтінімді (ЭЦҚ) цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.
АШТӨ злектрондық өтінімді портал арқылы жіберген кезде порталдағы «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
1) ЖТҮҚ жер учаскесін алу үшін жер учаскесі орналасқан жердегі әкімнің атына кезекке қоюға арналған өтініш жазып әкімдіктің кеңсесіне тапсырылады; 2) өтінішке жеке басты куәландыратын құжат қосымша жалғанады. Өзге құжаттарды талап етуге жол берілмейді.