Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруБиыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе қаласында «Baqytty bala – 2021» III ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауының өткізілуі жоспарлануда. Бұл байқау Халықаралық деңгейде болғандықтан бүгінгі күні карантиндік шектеулер орын алған жағдайда оның өткізілу форматы қарастырылуда.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министр бұйрығымен «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы», ережесі бекітіліп, https://adilet.zan.kz/ порталына орналастырылды.
Осы Ережеге сәйкес қажетті құжаттарды жинақтап, artsport.edu.kz ақпараттық платформасы арқылы өтінім жіберуге болады.
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік және өзге құжаттардың электрондық көшірмелері;
мемориалдық тақтаның эскизі;
қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;