
Бестамақ ауылдық Мәдениет үйінде волейбол секциясында 42 жасөспірім жаттығады. Сондай-ақ таеквонда секциясында 50 жасөспірім, қазақша еркін күрес секциясында 100 жасөспірім жаттығады. Олар аудандық, облыстық деңгейлерде жүлделі орындарға ие болған және облыстық чемпион атағын алған жасөспірімдер бар. Бестамақ Мәдениет үйінің «Жастық жігер» мектептен тыс аула клубының «Сөз өрнегі» үйірмесіне 27 оқушы, «Тұмар» би ансамбліне 30 жасөспірімдер қатысады. Сонымен қатар, мәдениет үйінде басқа да үйірмелер бар: ағылшын тілі, араб тілі, оқу орталығы (каллиграфия, жылдам оқу), қол өнер үйірмесі, және коворкинг орталығы жұмыс жасайды.
Ауыл тұрғындарына арнайы атаулы мереке күндері мерекелік шаралар ұйымдастырылып отырады.
Сонымен қатар Бестамақ ауылында ангар типті дене шынықтыру-сауықтыру кешені қызмет көрсетеді. Құны 373 461,0 мың теңгені құрайды.