Меню
Страницы

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ақай мәдениет үйінде «Бірлігіміз жарасқан» атты мерекелік шара өтті.

1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Ақай мәдениет үйінде «Бірлігіміз жарасқан» атты ауқымды мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Салтанатты шараның басты мақсаты — елдегі бейбітшілік пен татулықты дәріптеу, ұлттар арасындағы достықты нығайту және тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Мерекелік кештің шымылдығы еліміздің басты құндылығы — бірлік пен ынтымақты ұлықтайтын салтанатты құттықтау сөзбен ашылды. Мазмұнды кеш барысында көрермендерге ән мен күйден шашу шашылып, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Сахна төрінде елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, сан алуан мәдениеті мен өнері кеңінен дәріптелді. Жергілікті өнерпаздар әр ұлттың тілінде ән шырқап, ұлттық билерін нақышына келтіре орындады.

Шараға қатысушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде ортаға салып, достық пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Әсем безендірілген сахна, патриоттық туындылар және ұлттық киімдердің үйлесімділігі кештің сәнін келтіре түсті.

Мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер сыйлап, татулық пен бірліктің қадір-қасиетін тереңірек сезінуге мүмкіндік берді. Кеш соңында жиналған қауым өнерпаздарға ыстық ықыласы мен ақжарма алғыстарын жаудырды.

Социальные медиа
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы