1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні!

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні!

Қымбатты бүлдіршіндер! Құрметті ата-аналар!

Бүгінгі 1 - маусым балаларды қорғау күні құтты болсын!
«Адамның бір қызығы бала деген» деп ұлы Абай атамыз айтқандай баланың бақытты күндер кешіп, жақсы азамат болып өсуі әр ата-ананың басты тілегі болып саналады. Қоғам үшін де ел тұтқасын мықты ұстайтын білімді де ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат. Өйткені, бүгінгі ұрпақ - ертеңгі ел үміті, ұлт жалғасы.
Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы зор. Балаларымыз қашан да уайымсыз, қөңілді бала болсын деген тілекпен әрбір баланың дені сау және ата-анасының қамқорлығында болуы үшін мемлекетіміз жас ұрпаққа заманауи білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасап, бала бойындағы мүмкіндіктерді ашып отыр. Осындай «балам дейтін жұрты» барда өскен біздің балаларымыз болашақта «жұртым дейтін бала болып өсуін» тілеймін!
Қымбатты бүлдіршіндер, жас жеткіншектер!

Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарыңыз Отанның адал азаматы болуға жетелесін. Елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңыздар! Әрқашан жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден мейірім кетпесін!

Шалқар қаласының әкімі Қ.Р.Исаев