Егер Сіз «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру» мемлекеттік қызметті алғыңыз келсе, «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ және/немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгініңіз. Сізге келесі құжаттарды тапсыру қажет:
нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының, не өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ өкілдің өкілеттігін растайтын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (бірдейлендіру үшін);
Салық кодексіне сәйкес кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат.
2) порталға жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
кепілді тіркеу үшін бюджетке Салық кодексіне сәйкес алым төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі ("электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайды қоспағанда).
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді, сондай-ақ ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда, кепілді тіркеу үшін бюджетке алым төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Қосымша ақпараттарды Алтынсарин көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ алу болады. Байланыс телефон 8 (7132) 417061, инстаграмм әлеуметтік желісіндегі парақшасы: aqtobe_auyl_sharuashylygy.
Ал зейнет жасында ол тіпті өзекті.
Болашақ зейнетақыңыздың қандай болғанын қалайсыз? Мақсатыңызға жету үшін қанша жинақ жетіспейтінін білгіңіз келе ме?
Онда БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинеттегі «Дербес зейнетақы жоспары» қызметін қолданыңыз.
Бұл қызмет қандай мүмкіндік береді?
Болашақта алғыңыз келетін зейнетақы көлемін белгілеп, ай сайын аударылуы тиіс жарна мөлшерін біле аласыз; Жоспардың орындалу барысын айлар мен жылдар бойынша берілген кесте арқылы бақылай аласыз; Қажет болған жағдайда, жоспарыңызды қалауыңызша түзете аласыз.
www.enpf.kz сайты → Жеке кабинет → «Дербес зейнетақы жоспары».
«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» қызметті онлайн алу
Мемлекеттік қызметтің атауы: «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»
Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым" тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.
Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.
Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.
Шетелге шығуды жоспарлап жүрсіз бе? Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын алдын ала тексеріңіз.
eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы мұны бірнеше минут ішінде онлайн тексеруге болады.
Қызмет арқылы борышкерлердің елден шығуына уақытша шектеу қойылғандар тізілімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша тексеруге болады.
eGov Mobile мобильді қосымшасында қызмет басты бетте қолжетімді.
- «Шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеру» қызметін таңдаңыз;
- қажетті мәліметтерді енгізіңіз;
- «Тексеру» батырмасын басыңыз.
Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 1 топ мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшімен қамтамасыз ету қызметтіне құжаттарды ресімдеуге Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз жазуыңызға болады. Мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) операторына жүгінуіңіз қажет.
ХҚКО-на қажет құжаттар:
1. Жеке басты куәландыратын құжат;
2. Мүгедектігі бар анықтама;
3. АОЖБ анықтамасы.
ҚР Электрондық үкімет порталы (http://egov.kz) арқылы арыз беру үшін мүгедек адамнан Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
1. жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) туралы;
2. мүгедектікті белгілеу туралы;
3. АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.
Мобильді азаматтар базасында көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының телефонының абоненттік нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан Әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) авторизациялау және таңдау қажеттігі туралы СМС-хабарлама жіберіледі.
Әкімшілік айыппұлдарды eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы мемлекеттік органдарға жүгінбей онлайн тексеріп, төлеуге болады.
«Әкімшілік айыппұлдарды іздеу және төлеу» қызметі әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғын тексеруге және оларды төлеуге мүмкіндік береді.
Төлем жасау үшін:
- төленетін айыппұлды таңдаңыз;
- төлем жүргізілетін банкті таңдаңыз;
- төлем жасалғаннан кейін порталға қайта оралып, сұрауға қол қойып, электрондық түбіртекті алыңыз.
Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидана сәйкес әскерге шақырылушыларға қажетті құжаттарды ұсыну үшін әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ. ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуға болады электрондық лицензиялау порталында elicense.kz.
Қызметті алу үшін порталда авторлану қажет elicense.kz. Қауіпсіздік қойындысында тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдаңыз.
Бұдан әрі ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп және құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, өтінішке ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:
1) басқа адамның көмегіне мұқтаж және толық мемлекеттік қамсыздандыруда болмайтын отбасы мүшелерін күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша көрсетілген отбасы мүшелерін асырауға міндетті азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
әскерге шақырылушының асырауында мынадай отбасы мүшелерінің болуын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
әкесі, анасы, әйелі, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған кезде, зейнеткер жасына толған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесі;
ата-анасы болмаған кезде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілері, апа-сіңлілері;
әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi);
бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
2) өзінің асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі (тек жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршы болып танылған азаматтар үшін);
3) ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемінде екі жыл тәрбиесінде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
қамқоршысы болып табылатыны туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының электрондық көшірмесі;
4) некеде тұрған және бір және одан да көп баласы бар азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
отбасы жағдайын тексеру актісінің электрондық көшірмесі (жергілікті әскери басқару органы береді);
5) оқу кезеңінде білім алып жатқан азаматтарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
білім беру ұйымынан оқып жатқанын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі, ал шет елде оқып жатқан азаматтар үшін "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес қазақ немесе орыс тіліне аудармасын нотариус куәландырған не қазақ немесе орыс тіліне аударма жасаған аудармашының қолының түпнұсқалығын нотариус куәландырған білім беру ұйымынан алынған оқып жатқанын растайтын анықтама көрсетілетін қызметті алушының өтінішіне тіркеледі;
6) денсаулық жағдайы бойынша:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
әскерге шақырылушының әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылғандығы туралы аудандық (қалалық) медициналық комиссияның хаттамалары кітабынан үзіндінің электрондық көшірмесі;
7) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
8) тиісті білімі бар, мамандығы бойынша ауылдық жерде тұрақты жұмыс істейтін дәрігерлерге:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
9) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттарына:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
депутаттық қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
10) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе сот қылмыстық ісін қарап жатқан адамдарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
оған қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушы туралы анықтау және алдын ала тергеу органдарынан алынған және оған қатысты сот қылмыстық ісін қарап жатқан әскерге шақырылушы туралы соттан алынған, сондай-ақ оған қатысты үкімнің заңды күшіне енгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
11) азаматтық әуе кемесінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
12) кеме экипажының тиісті білімі бар мүшелеріне:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
тиісті білімінің бар болуы туралы белгісі бар жұмыс орнын растайтын анықтаманың электрондық көшірмесі;
13) құқық қорғау органының білім беру ұйымдарында бастапқы кәсіби даярлықтан өтіп жатқан адамдарға:
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш;
оқып жатқанын растайтын құқық қорғау органының білім беру ұйымынан алынған анықтаманың электрондық көшірмесі.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары төрағалық етуімен шақыру комиссиясы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 6 жұмыс күн ішінде қоса берілген файлдармен өтінішті қарайды және шақыруды кейінге қалдыру туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы қорытынды шығарады.