2022 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе қаласы бойынша тұрғындар саны 556 976 адам оның ішінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 187166 адам айналысады. Бұл халықтың 33,6% пайызын құрайды. 2021 жылы Ақтөбе қаласы бойынша тұрғындар саны 521 245 адам оның ішінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 174 096 адам шұғылданды, бұл қала тұрғындарының 33,4% пайызын құрады. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар саны 17516 адамға артты.
2022 жылы қалада дене шынықтыру және спорт бөлімі 122 спорттық іс-шара өткізілді.
Атап айтқанда «Ақтөбе марафоны» жүгіру жарысы, Экиден (эстафета) жарысы, аралас жекпе-жектен «Alash pride» № 73 турнирі, Ақтөбе қаласының мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиадасы (шығын футбол, волейбол, тоғыз-құмалақ, шахмат, үстел теннисі), 400 метрге биіктікке тік жүгіру «ICERUN» жарысы, Ақтөбе қаласының тұрғындары арасында ашық шаңғы біріншілігі, оқушылар арасында «Мектеп лигасы»(шағын футбол, баскетбол, волейбол, асық ату, үстел теннисі),
VII Халық спорты ойындарын іріктеу жарысы, ұлттық спорт түрлерінен (тоғыз-құмалақ, асық ату, теңге ілу, аударыспақ) жәнеде тағыда басқа бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп 25 320 адам қамтылды.