Ауданда екінші "Сервистік әкімдік" ашылды

Орналасқан жері

Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылдық округі

Сипаттамасы

Елбасымыздың Жолдауын орындау және «Ақтөбе –адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қарабұтақ ауылында сервистік әкімдігінің жаңа кеңсесі ашылды. Енді сервистік әкімдік арқылы ауыл тұрғындары қажетті мемлекеттік қызмет түрлерін «бір терезе» қағидаты бойынша алуларына мүмкіндік туып отыр. Жобаның басты мақсаты- мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалыптастыру.

Қарабұтақ ауылдық әкімдікте орналасқан кеңсені аудан әкімі Дархан Ермағамбетов арнайы барып ашты.

"Сервистік әкімдік" жобасының қағидалары мемлекеттік қызметтерді көрсететін мекемелерді бір жерде шоғырландыру, бұл өз кезегінде қызмет алушылардың уақытын, қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Азаматтар қысқа мерзімде жауап алып, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында тиісті шараларды қабылдау үшін, қызмет алушылармен кері байланысты орнатады.

Мұнда ауыл тұрғындара нақты уақыт режимінде өз өтініштері бойынша ұсыныстар мен жауаптар ала алады. Азаматтарға мемлекеттік қызметтер түрлерін электронды түрде алуға арналған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы қарастырылған. Қызметтерді электронды түрде көрсету тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді.

Бейнематериалдар