Көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметтерді бір жерде алуы, ашықтығы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу
Сервистік әкімдіктің ашылуы
Орналасқан жері
Ақтөбе облысы, Әйтеке би аудын, Т.Жүргенов ауылы, Ардагер көшесі 9А
Мақсаты
Сипаттамасы
Сервистік әкімдік халыққа ыңғайлы болу үшін және Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелермен бір жерде қызмет көрсету үшін қарастырылған. Сервистік әкімдікте білім беру (24), жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар (16), сәулет, құрылыс, тұрғын үй (15), Экономика (1) саласында қызмет көрсететін мекемелер орналастырылады.
Сондай-ақ, е-гов порталы арқылы электрондық қызметтерді алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді (некені тіркеу, баланың тууын тіркеу, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке және кезекке қою, балаларды балабақшаға кезекке қою, мектепке қабылдау, Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну және т.б. қызметтердің 60-тан астам түрі). Қызмет алушылар үшін күту залы, балалар ойын алаңы жабдықталған.