2026 жылғы 22 қыркүйекте ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өткізілді
2026 жылғы 22 қыркүйекте ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің қауымдастық отырысы өткізілді.
Отырыста жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Сонымен қатар, ағылшын тілін оқытуда заманауи тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану мәселелері қарастырылды.
Мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ барысында қолдануға болатын қызықты әдістер мен цифрлық ресурстарды ұсынды. Отырыста оқушылардың білім сапасын арттыруға және олардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Кездесу өзара тәжірибе алмасумен және алдағы бірлескен жұмыстарды жоспарлаумен қорытындыланды.