9 қыркүйек – қазақ халқының ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақты дәріптеуге арналған күн
9 қыркүйек – қазақ халқының ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақты дәріптеуге арналған күн. Осыған орай Ақсуат ауданындағы білім беру ұйымдарында ұлттық ойынды насихаттау, жас ұрпақтың зияткерлік қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, білім алушылар арасында тоғызқұмалақтан жарыстар мен танымдық кездесулер өткізіліп, ұлттық ойынның тарихы мен ерекшеліктері кеңінен насихатталды. Іс-шара барысында оқушылар өзара сайысқа түсіп, логикалық ойлау қабілеттерін, шапшаңдығы мен есептеу дағдыларын көрсетті.
Ұлттық ойын – ұлттың рухани мұрасы. Сондықтан тоғызқұмалақты дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруға және зияткерлік қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.