Аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы

Жарияланған күні: 26 тамыз 2026

Бүгін ауданымызда «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында аудандық білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз конференциясы өтті.

Жиынға аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы, бөлім басшылары, аппарат басшысы, білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар және білім саласының қызметкерлері қатысты.

Конференция барысында білім беру жүйесінің жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттері, адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін жетілдіру және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселелері талқыланды.

Жиында аудан әкімі Ерсін Кәдірбекұлы сөз сөйлеп, білім беру саласының қызметкерлерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұстаздардың қоғамдағы маңызды рөліне тоқталды. Сондай-ақ ауданның білім беру саласын дамытуға қосқан үлестері үшін педагогтерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, педагогтерге жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер және толағай табыс тіледі. Жиын барысында білім саласында үздік нәтиже көрсетіп, өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген бірқатар мұғалімге марапаттар табысталды.

Аудандық Тамыз конференциясы мазмұнды әрі әсерлі өтті. Жиын барысында білім саласының өзекті мәселелері талқыланып, жаңа оқу жылына бағыт-бағдар берілді. Конференция соңында білім алушылар ұстаздарға арнап концерттік бағдарлама ұсынып, ән мен биден шашу шашып, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.