"Ата–аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын дамыту" тақырыбында аудандық семинар


Ақсуат ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай, «Ата–аналарды педагогикалық қолдау
орталығының жұмысын дамыту, оның шеңберінде «Әжелер» мектебі, «Аналар» мектебі, «Әкелер» мектебі жұмысының жүйесін қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар "Күншуақ" жеке меншік балабақшасында өтті. Семинарға "Күншуақ" жеке меншік балабақшасының әжелері, әкелері, аналары ұлттық салт-дәстүрлеріміздегі ұмыт қалған салттарымыз бен ұстанымдарымызды, өнегелі сөздері мен даналық жолдарын көрсетті. "Еркетай" бөбекжайының тәрбиешісі Жеңісхан Бақытнұр мен "Балдырған" бөбекжайының тәрбиешісі Рухова Маржан, ата-анасы Алимжанова Майра өзінің қол өнерінен шыққан бұйымдарымен бөлісті. Қатысқан ата-аналар мен тәрбиешілер білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталды.









































Оқиға күні
08 сәуір 2025
Оқиға түрі
Семинар