Абай облысында Ұстаздар күніне орай өткен салтанатты іс-шарада Ақсуат ауданы білім бөлімінің бас экономисі Кусайнова Шынар Тілешовна «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты жиында Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлы Шынар Тілешовнаға төсбелгіні табыстап, оның еңбегіне жоғары баға беріп, құрмет көрсетті.
Бұл марапат – өз саласындағы адал еңбегі мен кәсіби жауапкершілігіне берілген лайықты баға.
Шынар Тілешовнаны жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық және жұмысыңызға толағай табыс тілейміз!
Марапатыңыз құтты болсын!