Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Бос орындар

   Педагогтің бос және уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарауына сәйкес педагогтің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсы жарияланады.

📇 Білім беру ұйымдарындағы педагогтердің бос және уақытша бос лауазымдары туралы ақпарат «Педагогті жұмысқа қабылдау» жүйесінде жарияланады.

🔗 Жүйенің мекенжайы: https://hr.nobd.edu.kz

📋 Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру және қажетті құжаттарды қабылдау hr.nobd.edu.kz жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Конкурстың негізгі кезеңдері

  1. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды жүйеде жариялау;
  2. конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың өтінімдері мен құжаттарын қабылдау;
  3. кандидаттардың құжаттарын біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
  4. конкурстық комиссияның отырысын өткізу және тиісті шешім қабылдау.

Қажетті құжаттар тізбесі ⬇️⬇️⬇️

  1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (бар болса);
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурулар бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
  8. наркологиялық ауру бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтыны туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екені туралы куәлік (бар болса);
  10. ағылшын тілі педагогі лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының бар екені туралы куәлік (бар болса), не төмендегі сертификаттардың бірі:
  • CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults, Cambridge) — PASS A;
  • DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) — Pass және одан жоғары;
  • IELTS — кемінде 6,5 балл;
  • TOEFL iBT — 60–65 балл;
  1. осы Қағидаларға 12 және 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  2. жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан берілген ұсыным хат.

❗ Құжаттарды қағаз түрінде немесе Enbek.kz платформасы арқылы тапсырудың қажеті жоқ. Өтінімдер мен құжаттар «Педагогті жұмысқа қабылдау» жүйесі арқылы қабылданады.

 Қажетті бос жұмыс орындарына Еңбек.кз платформасында ашық конкурс жарияланатын болады. Ашық байқау жайлы ақпараттармен Электрондық еңбек биржасы арқылы таныссаңыз болады.

     Байқау кезеңдері:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттар қабылдау;

3) үміткерлердің құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;

4) конкурстық комиссияның отырысы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі мен орны: бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде бос лауазымға орналасуға арналған құжаттар Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы, 10 квартал , 170/1 мекенжайы бойынша «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ-ге (электрондық пошта немесе қағаз тасымалдағышта) қабылданады.

     Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты жерін және байланыс телефондарын көрсете отырып – бар болса);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

   

 

Документы
Ақпарат
11 сентября 2026
Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
"К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі" КММ-не педагогтер қажет!
Нұсқаулық
08 сентября 2026
Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования района Аксуат" управления образования области Абай
«Педагогті жұмысқа қабылдау» жүйесі бойынша
Ақпарат
08 сентября 2026
Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
"К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі" КММ-не әлеуметтік педагог қажет
Новости
Полезные материалы
Әдістемелік кеңес отырысы өтті
ПЕДАГОГТІҢ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Бос орындар
Медиагалерея
0
Жаңа жыл құтты болсын!
1
Аудандық жас мамандар байқауы өтті
События
28 мая
Маусым айының 1-нен бастап Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы