Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
АҚСУАТ АУДАНЫНДА «АДАЛ АЗАМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

АҚСУАТ АУДАНЫНДА «АДАЛ АЗАМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ 

2025–2026 оқу жылында Ақсуат ауданының білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жүйелі түрде жүзеге асырылды. Аудандағы 19 мектепте, оның ішінде 14 жалпы білім беретін орта мектеп пен 5 бастауыш мектепте білім алатын 3963 оқушы тәрбие жұмыстарының барлық бағыттарымен қамтылды. Сонымен қатар, ауданның 2 қосымша білім беру ұйымы – «Байқыдыров атындағы саз мектебі» КММ мен КГУ "Аксуатская детская школа искусств" тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысты.

Оқу жылы барысында бағдарламаның алты құндылығы негізінде 850-ден астам іс-шара өткізілді. Атап айтқанда, «Тәуелсіздік және Отаншылдық» бағыты бойынша 145 іс-шара ұйымдастырылып, 4200-ден астам оқушы қамтылды. «Заң және Тәртіп» құндылығы аясында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған 118 іс-шара өткізілді. «Еңбекқорлық және Кәсібилік» бағыты бойынша 132 кездесу, экскурсия және шеберлік сабағы ұйымдастырылды. «Бірлік және Ынтымақ» құндылығы аясында этносаралық келісім мен достықты нығайтуға бағытталған мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, «Әділдік және Жауапкершілік» бағыты бойынша 124 қоғамдық бастама мен акция жүзеге асырылып, «Жасампаздық және Жаңашылдық» құндылығы негізінде ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларға 1600-ден астам оқушы қатысты.

Бағдарламаның 6 жобасы аясында барлығы 420 іс-шара ұйымдастырылды. «Оқуға құштар мектеп», «Балалар кітапханасы», «Еңбегі адал жас өрен», «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы» және «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобалары арқылы оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық белсенділігін нығайту бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы да тұрақты жүргізілді. Оқу жылы ішінде 84 ата-аналар жиналысы, 42 семинар-тренинг, 36 дөңгелек үстел және 28 психологиялық кеңес беру кездесуі өткізіліп, оларға 3850 ата-ана қатысты. Кездесулер барысында бала тәрбиесі, отбасы құндылықтары, қауіпсіз интернет және буллингтің алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.

Құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында 112 профилактикалық кездесу, 38 рейдтік іс-шара, 24 құқықтық сауаттылық апталығы және 17 аудандық акция өткізілді. Полиция, прокуратура және денсаулық сақтау саласы мамандарының қатысуымен 64 түсіндіру кездесуі ұйымдастырылып, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша 75 іс-шара өткізілді.

Мектеп парламенттері де оқу жылы бойы белсенді жұмыс атқарды. Олардың бастамасымен 58 қайырымдылық акциясы, 46 экологиялық іс-шара, 39 еріктілік жобасы, 31 патриоттық кездесу және 22 әлеуметтік зерттеу ұйымдастырылды. Мектеп парламенттерінің құрамындағы 540-тан астам оқушы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласты.

Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі, прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі, аудандық аурухана, жастар ресурстық орталығы және мәдениет пен спорт мекемелерімен бірлесіп 86 профилактикалық іс-шара, 24 ведомствоаралық кездесу, 18 қауіпсіздік акциясы, 12 құқықтық форум және 9 аудандық ата-аналар конференциясы өткізілді.

Жалпы, 2025–2026 оқу жылында Ақсуат ауданының білім беру ұйымдарында жүргізілген тәрбие жұмыстары оқушылардың ұлттық құндылықтарға құрметін арттыруға, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталып, өз нәтижесін көрсетті.

Документы
Ақпарат
27 февраля 2026
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және қазақ тілін ойын элементтері арқылы үйрету
Бұйрық
27 января 2026
Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Ауданда тірек мектебін ашу туралы 2025–2026 оқу жылына арналған бұйрық
Бұйрық
27 января 2026
Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тірек мектебін ашу туралы 2024–2025 оқу жылына арналған бұйрық
Новости
Полезные материалы
🏛️ ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ – ҰСТАЗ МЕРЕЙІ!
МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ – АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ!
Медиагалерея
1
ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ – ҰЛТ МЕРЕЙІ!
1
Балаларға арналған қауіпсіздік ережелері
События
27 марта
Ұлыстың ұлы күні
15 мая
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
03 июня
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы